300 педагог AI және GameDev-ті игеріп жатыр, 19 мың оқушыға бағдарламалау курстары қолжетімді
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Astana Hub халықаралық технопаркі базасында Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі оқушыларды оқытуға арналған онлайн білім беру платформасы іске қосылды. Сондай-ақ 300 қазақстандық педагогті жасанды интеллект (AI) пен ойындар әзірлеу (Game Development) бойынша оқытуды көздейтін пилоттық жоба басталды.
«Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумында Мемлекет басшысы білім беру жүйесін еңбек нарығының келешектегі сұранысына бейімдеу маңызын атап өтіп, Astana Hub базасында оқушылар үшін білім беру платформасын іске қосуды тапсырды. Біз edu.astanahub.com онлайн білім беру платформасын іске қостық. Бүгінде 19 889 білім алушыға бағдарламалау негіздері бойынша курстар қолжетімді. Бұдан бөлек қолданыстағы Tech Orda бағдарламасы шеңберінде педагогтерді оқыту шешімі қабылданды. Мұндағы мақсат – мектеп оқушыларын одан әрі шыңдай түсуге жағдай жасау. Қазіргі уақытта Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 180 мұғалім және «Өрлеу» орталығының 120 тренері AI және GameDev бағыттары бойынша 6 айлық оқуды бастады», - деді Дания Ахметова, Astana Hub басқарушы директоры.
Мектептегі информатика пән мұғалімдерін жасанды интеллект (AI) пен ойындар әзірлеуге (Game Development) оқыту бойынша пилоттық жобаны ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Astana Hub халықаралық технопаркі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы бірлесіп жүзеге асырып жатыр.
Курс мазмұны 6 айға жоспарланған, яғни 31 желтоқсанға дейін созылады. Оқыту nFactorial және Omnium атты жетекші IT-мектептердің нұсқаулығымен өтеді. Оның қорытындысы бойынша әр қатысушыға оқушылар мен педагогтерді бағдарламалау негіздеріне оқытуға мүмкіндік беретін сертификат табысталады.
Сонымен қатар Astana Hub Президенттің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарында жасанды интеллект саласындағы пәндерді оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту жөніндегі тапсырмасын орындауға кірісті. Ол үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп ЖИ және GameDev бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын енгізу жөніндегі жобаны іске асыру жоспарланды. Бұл бастама да оқытушыларды оқыту арқылы да жүзеге асырылады.
Пікірлер 10
Кіру пікір қалдыру үшін
Alexandr Timofeyev · Там. 26, 2024 11:44
🔥🔥🔥
Inju Baltabekkyzy · Там. 16, 2024 14:37
Іске сәт!
Асылбек Аленхан · Там. 8, 2024 13:13
👍👍👍
ЕРКЕН УСИНОВ · Там. 7, 2024 08:21
кушти!
Акмарал Бимендина · Шілде 25, 2024 09:11
Қалай тіркелуге болады?
Adam Corner · Шілде 24, 2024 15:16
👍
Zhasmina Dybysbay · Шілде 23, 2024 15:39
Готова быть "инвестором" нашего GameDev рынка ;)
Енлик Палымбетова · Шілде 22, 2024 19:15
Қалай тіркелуге болады?
Енлик Палымбетова · Шілде 22, 2024 19:15
Қалай тіркелуге болады?
Оразкул Дуйсебаева · Шілде 22, 2024 14:35
Қалай қатыса аламыз?