Поиск
Жақында Astana Hub-тың кез келген қызметін ЖИ-агентке чатқа жазу арқылы алуға болады
Қазақ
Мониторинг қызметі
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 17-бабына сәйкес басым қызмет түрлерінен түсетін табыстың 90%-ын сақтаудың маңыздылығы туралы еске салады
Нормативтік-құқықтық актілер
Көру
Алдын алу шаралары бойынша бейнематериалдар
Көру
БҚТ шеңберінен шыққан кейстер мен мақалалар
Мониторинг қызметі не ұсынады?
1
Қызметті басым қызмет түрлерінің тізбесі шеңберінде жүргізіңіз.
2
Пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етуге айрықша зияткерлік меншік құқықтарын алыңыз.
3
«Астана Хаб» қатысушыларының тауарларды өткізуі, өнеркәсіптік саясат туралы ҚР Заңының 51-1-бабының 8-тармағына сәйкес қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзіндінің болуы арқылы расталатын, өз өндірісі критерийін сақтау талап етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
4
«Номенклатура», «Контрагент» және «Контрагент шарты» бойынша топтастырып, тауарлар, жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша есепті дұрыс қалыптастырыңыз.
5
Бастапқы құжаттардың дұрыстығын тексеріңіз - актілер, шоттар және шарттар нақты болуы тиіс.
6
Модель, қызметтер құрамы немесе монетизация тәсілі өзгерген жағдайда бизнес-жоспарды өзектендіріңіз.
Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақтарыңыз бар ма? «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінен ең көп кездесетін сұрақтарға жылдам жауап таба аласыз.

Астана Хаб қатысушыларына егжей-тегжейлі мониторинг қаншалықты жиі жүргізіледі?

Егжей-тегжейлі мониторинг Астана Хабтың тәуекелдерді басқару жүйесі аясында тоқсан сайын жүргізіледі. Тәуекелдерді талдау негізінде нақты қызметіне тексеру жүргізілетін қатысушылардың тізімі қалыптастырылады.

Қандай құжаттарды ұсыну қажет?

- Тауарлар, жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша есеп (1С-тен түсірілім)
- Салықтық есептілік (100.00 нысаны)
- Бастапқы бухгалтерлік құжаттар (шарттар, АВР, ЭСФ)
- Жаңартылған бизнес-жоспар (қажет болған жағдайда)
- Зияткерлік меншік құқығын растайтын құжаттар

Табыс көлемінің 100%-ы басым қызмет түрлерінен болуы міндетті ме?

Салық кодексінің 17-бабына сәйкес, жылдық жиынтық табыстың кемінде 90%-ы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінен болуы тиіс.

Басым қызмет түрлеріне (БҚТ) жатпайтын табыстың жылдық жиынтық табыстың 10%-ына дейінгі бөлігі салық салына ма?

Жоқ, Салық кодексінің 17-бабындағы талаптар сақталған жағдайда, жылдық жиынтық табыстың 10%-ына дейінгі БҚТ-ға жатпайтын табыстарға салық алынбайды.

Осы 90%-дың құрамына қандай табыс түрлері қосылады?

Егер олар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінен табыс алумен байланысты болса, өтеусіз алынған мүлік, депозиттер бойынша сыйақы, жағымды бағамдық айырманың жағымсыз айырмадан асқан бөлігі, күмәнді міндеттемелерден түсетін табыс (олар бойынша өсімпұл мен айыппұлдарды қоса алғанда) ескеріледі.

Қатысушы тауар өндіреді және өткізетін болса, не талап етіледі?

Қатысушы өндіріп, тауарларды өткізсе, тауарлар қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзіндімен расталатын өз өндірісі критерийіне сәйкес болуы қажет.

КТС-ты 100%-ға дейін кім азайта алады?

Салық кодексінің 17-бабы талаптарына сай келетін «Астана Хаб» қатысушысы.

КТС-ты азайтуға арналған өтінімді кім және қандай мерзімде қарайды?

«Астана Хаб» автономды кластерлік қоры өтінімді және құжаттарды 25 күнтізбелік күн ішінде қарайды.

КТС-ты азайту құқығын қаншалықты жиі растау қажет?

Жылына бір рет, есептік салық кезеңінің қорытындысы бойынша.

Өтінімді қай күнге дейін беру қажет?

Есептік кезеңнен кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей.

Өтінімге қандай құжаттарды қоса беру керек?

Информатизация саласындағы қызметтерді көрсетуге арналған шарттар, қызметкерлер бойынша құжаттар және шығындарды растайтын бастапқы бухгалтерлік құжаттар.

Контакты
электронды пошта
Байланыс телефондары:
1818
+7 (7172) 73 50 89
+7 (771) 949 90 78
Қоңырау шалған кезде Мониторинг қызметіне қосылуды сұрауларыңызды өтінеміз
Біз cookies файлдарын сайтымыздың дұрыс жұмыс істеуі және талдау жүргізу үшін қолданамыз. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз cookies файлдарының қолданылуын растайсыз. Толығырақ
Бөлісу

Хабарлама

Social Impact

Уведомление

Оцифруйте бизнес-план до 30 ноября

Управляйте бизнес-планом онлайн

Внесите актуальные данные, чтобы открыть доступ к обновлению сведений, изменению приоритетных видов деятельности и продлению статуса участника.

Уже заполнили форму?

Проверьте актуальность внесённых сведений в бизнес-плане.

Нужна помощь?

Ознакомьтесь с Инструкцией.

Обратитесь к AI-помощник .