MoonAI - шағын және орта бизнеске арналған корпоративтік платформа. Ол компаниялардың күнделікті операциялық үдерістеріне тікелей енгізілетін ИИ-агенттерді ұсынады. Шешім CRM, ERP және ішкі жүйелермен терең интеграцияланады, ал агенттер клиенттер бар ортада жұмыс істейді: WhatsApp, Instagram, Telegram, сондай-ақ компанияның сайтында.
Стартап нарықта өз өнімінің өміршеңдігін дәлелдеп үлгерді. Бұған дейін MoonAI MOST Accelerator Fund қорынан 200 мың доллар инвестиция тартқан, Astana Hub Battle байқауында Ticket to the Future номинациясын иеленген, сондай-ақ Ташкентте өткен Clash of Startups сайысында бірінші орынға шығып, 25 мың доллар жүлде алған.
MoonAI-дың басты ерекшелігі - әрбір нақты бизнес деректеріне бейімделіп оқытылатын микромодельдерді қолдануы. Мұндай тәсіл әмбебап ЖИ-шешімдермен салыстырғанда жауаптардың дәлдігін арттырып, деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді әрі корпоративтік талаптарға толық сай келеді. Компаниялар үшін бұл қызметкерлерге түсетін жүктемені азайтып, сұраныстарды өңдеу жылдамдығын арттыруға және штат көбейтпей-ақ сатылым конверсиясын өсіруге мүмкіндік береді.
ACTIVAT VC өкілдері MoonAI-ды жай ғана өнім емес, бизнесте ЖИ-шешімдерді кең көлемде енгізуге жол ашатын, өңірде және одан тыс жерлерде компаниялардың цифрлық трансформациясына негіз бола алатын болашағы зор платформа ретінде бағалайтынын атап өтті.
ACTIVAT VC салған инвестиция MoonAI дамуының келесі кезеңіне серпін беріп, өнімді ауқымдауға, команданы күшейтуге және жаңа нарықтарға шығуға бағытталмақ.