Aibomed, Smart Portfolio, ABChess - тағы қандай стартаптар өз жобаларын инвесторларға ұсынды
Astana Hub-та кезекті Invest Day шарасы жалғасын тапты, бұл стартаптар үшін өз жобаларын таныстыруға және инвесторларды қызықтыруға бірегей мүмкіндік болып табылады.
Барлық стартаптар даму сатысы, бағыты, іске асыру ауқымы бойынша әртүрлі. Бірақ бәрін бір нәрсе біріктіреді - шығармашылық, әлеует, бірегейлік және идеяның жаңалығы.
SmartPortfolio.app мобильді сервисін әзірлеген Smart Portfolio компаниясы ең танымал және озық Web3 инвестициялық құралдарын қамтиды. Smart Portfolio қосымшасы альфа-нұсқасының индекс портфельдерін қалыптастыру бойынша функционалдығы бар. Ол бүгінде 1200-ден астам клиентке ие және өткен жылы жобаға 886 мың доллар пайда әкелді. Сонымен қатар, жоба Astana Hub және Google for Startups бірлескен Silkway Accelerator бағдарламасының қатысушысы ретінде таңдалды. Үш айлық акселератор аяқталғаннан кейін команда бета-нұсқаны іске қосуды жоспарлап отыр.
LOGIZI IT-компаниясы - әлемдегі тауарлық e-commerce нарығын дамыту үшін заманауи логистикалық құралдарды ұсынып отыр. Logizi платформасын қолдана отырып, кез-келген курьерлік қызметпен тиімді тарифтер мен жеткізу шарттарын таңдауға болады.
Connected Home жобасы ақылды IoT құрылғылары арқылы тұрғын үйді клиенттер үшін одан да тартымды ететін бірегей ақылды үй жүйесі.
ABChess - шахмат ойынын оқыту экожүйесі: ABCHESS мобильді қосымшасында өз бетінше оқу, AB-Class интерактивті алаңында жаттықтырушымен бірге оқу.
Aibomed (клиникаларды басқару және дамыту жүйесі).
Ozone Global, компания агроөнеркәсіптік кешенде шығындарды оңтайландыру және азайту үшін инновациялық AgroTech шешімін ұсынады.
Іс-шараға қазақстандық және шетелдік инвесторлар - My Ventures, iClub Almaty, Most Ventures, Activat, Tbilisi Venture Builder компанияларының өкілдері және венчурлық инвестор Мұрат Абдрахманов қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, енді Invest Day жаңа форматта өтуде. Барлық стартаптар-Techpreneurs, Scalerator, Pre-Scalerator немесе Silkway Accelerator қатысушылары немесе түлектері.
Сондай-ақ, жаңашылдықтар арасында - инвесторлардың дауыс беру қорытындысы бойынша үздік жобаларды көтермелеу. Бұл жолы бизнес-періштелер номинацияларды былайша бөлді:
«Үздік стартап» - ABChess;
«Үздік питч» - Smart Portfolio;
«Үздік команда» - Aibomed.
Олардың барлығы Astana Hub брендтелген өнімін алады.
Келесі Invest Day іс-шарасы 26 шілдеде өткізіледі.
Айта кетейік, 14 шілде күні сағат 17.00-де Astana Hub-тың Instagram парақшасында Invest Day-ға қатысудың жаңа шарттарына арналған тікелей эфир өтеді.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін