Al-Farabi Scale UP: Орталық Азия стартаптары Сауд Арабиясы мен Таяу Шығыс нарығына шығады
Astana Hub-та Сауд Арабиясы мен Таяу Шығыс нарығына шығуға дайын стартаптарды қолдауға бағытталған Al-Farabi Scale UP бағдарламасының ресми ашылуы өтті. Іс-шараға 100-ден астам бизнес, IT-қоғамдастық және БАҚ өкілдері қатысып, қазақстандық IT өнімдерін аймаққа экспорттау перспективаларын талқылады.
Іс-шарада ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Сауд Арабиясындағы Plug and Play Tech Center, Дүниежүзілік банк, Astana Hub, Al-Farabi Innovation Hub, АХҚО Tech Hub және QazTech өкілдері сөз сөйледі. ҚР Цифрлық даму министрінің бірінші орынбасары Қаныш Төлеушин Таяу Шығыс елдері нарықтарының қазақстандық IT-компаниялар экспорты үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті. «Al-Farabi Scale UP сияқты бағдарламалар стартаптарға халықаралық нарықтарға тиімді түрде масштабталып, орнығуға көмектеседі, бұл Қазақстанда технологиялар мен инновацияларды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді ол.
Бағдарлама аясында Al-Farabi Innovation Hub және Plug and Play Tech Center Орталық Азия, Кавказ және Қазақстан стартаптары үшін жаңа мүмкіндіктер ашу мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. «Al-Farabi Scale UP — Орталық Азия мен Кавказдағы стартаптарды MENA аймағында масштабтауға бағытталған алғашқы акселерациялық бағдарлама. Plug and Play-мен ынтымақтастық аясында біз 15 стартапты Сауд Арабиясының астанасына апарып, оларға жаңа білім беріп, инвестициялық мүмкіндіктер мен алғашқы клиенттерді табуға қолдау көрсетеміз», – деді Al-Farabi Innovation Hub негізін қалаушысы және бас директоры Аслан Сұлтанов.
Іс-шараның негізгі спикерлерінің бірі ретінде Сауд Арабиясындағы Plug and Play Tech Center директоры Абдулла Аль-Акил қатысты. Ол Таяу Шығыстың IT-кәсіпкерлерге ұсынатын ерекше қолдау шаралары, соның ішінде салықтық жеңілдіктер мен IT саласындағы әйелдерді қолдау бағдарламалары туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, қазіргі уақыт аймақ стартаптары үшін осы мүмкіндіктерді пайдаланудың ең қолайлы кезеңі.
Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаның бірінші легі қазан айында басталып, қатысуға 10 елден өтінім қабылданды. Бағдарламаға білім беру сессиялары, менторлық қолдау және серіктестік мүмкіндіктер кіреді. Бағдарламаның екінші легі Эр-Риядта өтеді, онда стартаптар Сауд Арабиясы нарығының негізгі өкілдерімен байланыс орнатады.
Al-Farabi Scale UP Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия аймағының стартаптары үшін жаңа идеялар мен технологиялық прогресті дамытуға арналған маңызды платформаға айналды.
Пікірлер 11
Кіру пікір қалдыру үшін
Lain Iwakura · Қар. 21, 2024 12:56
cool!
Оксана Жаксынбекова · Қар. 21, 2024 11:14
👍👍
Оксана Жаксынбекова · Қар. 21, 2024 11:14
👍👍👍👍
Оксана Жаксынбекова · Қар. 21, 2024 10:54
👍
Александр Цой · Қар. 20, 2024 15:43
👍
Abylay Allamurat · Қар. 16, 2024 02:05
👍🏻
Kuandyk Sadykov · Қар. 15, 2024 03:57
👍
Sharimov Rassul · Қар. 14, 2024 21:22
👍
Laura Meir · Қар. 13, 2024 21:28
браво!
Lain Iwakura · Қар. 13, 2024 21:21
супер!
Alramir Kumarkhanov · Қар. 13, 2024 18:00
👍