Бағдарлама нәтижесінде 9 стартап жалпы көлемі $1,3 млн инвестиция тартты, ал 12 компания АҚШ-тағы корпоративтік және коммерциялық серіктестермен 108 пилоттық жобаны іске қосты. Бағдарлама түлектерінің портфелі үшін 2026 жылға болжанатын жиынтық табыс $22 млн деп бағаланып отыр.

«AlchemistX және Silicon Valley Residency бағдарламалары Орталық Еуразия стартаптары үшін жаһандық нарықтарға шығуға әрі Кремний алқабының сараптамалық қолдауына қол жеткізуге нақты мүмкіндік берді. Қысқа уақыт ішінде қол жеткізілген инвестициялар мен пилоттық жобалар стартаптардың ауқымдануға және халықаралық деңгейге шығуға дайын екенін дәлелдейді», – дейді Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев.
Бағдарлама аясында қатысушылар воркшоптарға, сату бойынша тренингтерге, менторлық сессияларға, салалық көшбасшылармен кездесулерге қатысып, сату воронкаларын қалыптастыру, өнімдерді АҚШ нарығына бейімдеу және әлеуетті клиенттермен жұмыс істеу бағытында тәжірибе жинады.

«Биыл біз 225 өтінім қабылдап, соның ішінен 23 мықты команданы іріктедік. Жоба географиясы 4 елден 7 елге дейін кеңейді, оның ішінде Қатар, Сингапур және Грузия бар. Бұл – бағдарламаның айналасында нағыз халықаралық қауымдастық қалыптасқанын көрсетеді. Стартаптар тек акселерациядан өтіп қана қоймай, бір-бірімен тәжірибе алмасып, бірлескен жобаларды бастайды», – деп атап өтті Silkroad Innovation Hub негізін қалаушы және бас директоры Әсет Абдуалиев.
Оның айтуынша, Моңғолиядан келген Open Spot стартапы қазақстандық HANDYMATY командасымен бірігіп, автотұрақ шешімдеріне арналған кешенді өнім әзірлеуді бастаған. Сондай-ақ Қазақстаннан ALEEM және Өзбекстаннан Makon AI сияқты жас фаундерлердің EdTech саласындағы жобалары ерекше атап өтілді.

Demo Day барысында стартаптар EdTech, HealthTech, B2B SaaS, өнеркәсіптік автоматтандыру, креативті индустриялар, авиациялық технологиялар және басқа да салалардағы шешімдерін таныстырды. Қатысушылар арасында Aleem, GrowyAI, QazTWIN, Makon AI, HANDYMATY, Virtual Story, Viral Video және басқа да стартаптар болды.
Соның ішінде QazTWIN стартапы өзіне ерекше назар аудартты. Бұл өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған цифрлық егіз платформасы. Команда зауыттар мен инфрақұрылым нысандарының 3D-модельдерін жасап, оларды SCADA, IoT және ERP деректерімен біріктіру арқылы жабдықтарды мониторингтеу мен ақауларды болжау мүмкіндігін ұсынады.
«AlchemistX және Silicon Valley Residency бағдарламаларына қатысу QazTWIN үшін маңызды кезең болды. Demo Day-де 5-орын алуымыз шетелдік серіктестердің қызығушылығын тудырып, алғашқы пилоттарды іске қосуға мүмкіндік берді. Қазір біз платформаны халықаралық клиенттерге бейімдеуге, АҚШ-та компания ашуға және QazTWIN-ді жаһандық SaaS-шешім ретінде дамытуға басымдық беріп отырмыз», – дейді QazTWIN стартапының теңқұрушысы Ануар Жаксылық.

AlchemistX – АҚШ-тағы жетекші B2B-акселераторлардың бірі Alchemist Accelerator әзірлеген, Орталық Еуразия стартаптарына арналған арнайы бағдарлама. Ал Silicon Valley Residency – Silkroad Innovation Hub-тың негізгі бастамасы болып, стартаптарды Кремний алқабы экожүйесіне жүйелі түрде интеграциялауға бағытталған.

Бағдарламалар Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің, Өзбекстан Республикасының Цифрлық технологиялар министрлігінің, Astana Hub, Astana Hub Ventures, IT Park Uzbekistan және IT Park Ventures қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Алғаш рет 2024 жылы іске қосылған бағдарламаның бірінші легінен 22 стартап өткен.

2026 жылдың көктемінде AlchemistX және Silicon Valley Residency бағдарламаларының үшінші легіне іріктеу басталады. Қатысу шарттары мен іріктеу мерзімдері туралы өзекті ақпарат Astana Hub платформасында жарияланады.