Андре Рейтенбах: Қазақстан бизнес үшін бірегей жағдайлар ұсынып отыр
Astana Hub халықаралық технопаркі AIaaS, бұлтты технологиялар, EDGE мен GPUaaS инфрақұрылымы бағытындағы қызметтерімен танылған халықаралық технологиялық көшбасшы Gcore компаниясымен өзара келісім туралы меморандумға қол қойды. Бұл стратегиялық серіктестік аймақта да, одан тыс жерлерде де стартап экожүйесін дамытуды көздейді.
«Бүгінде Қазақстан жасанды интеллекттің инновациялық сервистерін енгізіп, жергілікті стартаптарға да, халықаралық компанияларға да мықты технологиялық экожүйе құрып, цифрлық лидер мәртебесіне ұмтылуда. Қазақстан жас әрі білімді халқы мен қарқынды дамып жатқан экономикасы арқасында Astana Hub тарапынан бизнес үшін бірегей жағдайлар ұсынып отыр. Біз осы серпінді және болашағы зор нарықтың әлеуетін пайдалану мақсатында ынтымақтастықтың жүзеге асуын асыға күтеміз», - деді Андре Рейтенбах, Gcore Labs бас директоры.
Меморандум екі тарапқа стартаптар мен IT-кәсіпорындар үшін қолайлы орта құру бойынша әріптестік орнату міндетін қояды. Жолын енді бастаған технологиялық таланттарды қолдаумен ерекшеленетін Astana Hub Gcore-ні негізгі серіктестің бірі ретінде қарастырады. Әсіресе, оның инфрақұрылымы стартаптардың дамуы мен шыңдалуына септігін тигізеді.
«Gcore-тің AIaaS, GPUaaS, бұлтты технологиялар және инфрақұрылым бағытындағы тәжірибесі мен ресурстары Astana Hub-тың стартаптар мен IT-кәсіпорындарды қолдау міндетіне керемет үлес қосады. Бұл серіктестік стартаптардың дамуын жеделдетіп, өңірдегі инновациялар мен технологиялық прогреске ықпал етеді», - деді Таңат Өскембаев, Astana Hub басқарушы директоры.
Тараптар ынтымақтастығының негізгі бағыттары:
- Стартаптар, жасанды интеллект технологиялары, машиналық оқыту және инновациялар саласында білім мен тәжірибе алмасу;
- Іскерлік байланыстар орнату үшін бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және ресурстармен алмасу;
- Конференция, семинар, форум, B2B кездесулер мен басқа да іс-шараларға қатысу;
- Түрлі бастама және іс-шаралар көмегімен стартаптардың инвестиция тартуы үшін күш біріктіру.
Astana Hub пен Gcore Labs арасындағы серіктестік Қазақстан және шет жақтарда инновациялар мен кәсіпкерлікті дамыту жолындағы айтулы кезеңді айшықтайды.
Gcore туралы
Gcore – жасанды интеллект, бұлтты технологиялар, желілер және қауіпсіздік шешімдерінің жаһандық жеткізушісі. Компания штаб-пәтері Люксембургте орналасқан. Компанияда әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 10 кеңсесінде жұмыс істейтін 600-ден астам қызметкері бар. Ол жаһандық IT-инфрақұрылымын 6 алты континентте басқарады және Еуропа, Африка және Латын Америкасындағы ең тиімді желілік өнімділіктің біріне иелік етеді. Gcore өз инфрақұрылымын Қазақстанның 3 қаласында – Астана, Павлодар мен Алматыда орналастырды.
Astana Hub туралы
Astana Hub – Орталық Азиядағы ең ірі технопарк, оның қызметі ІТ-бизнес үшін экожүйені құруға және дамытуға, ІТ мамандарын дайындап, стартап жобаларды қолдауға бағытталған. Бүгінгі таңда технопаркте 1400 IT-компания тіркелген, оның ішінде 400-ден астамы шетелдіктердің қатысуымен. Оларға бизнесті дамыту және масштабтау бағдарламалары, арнайы салықтық және визалық шарттар, ақпараттық-білім беру, материалдық инфрақұрылым және тағы басқа қолдау көрсетіледі.
Пікірлер 3
Кіру пікір қалдыру үшін
ТОО ASTROBAKERS · Шілде 10, 2024 15:19
Это отличная новость
Дамир Уали · Маусым 23, 2024 01:10
Да, интересно что будет дальше
Arman Zhalgasbayev · Мамыр 16, 2024 17:42
Cool ⚡