Жаңа хаб Орталық Азиядағы технологиялық B2B стартаптар үшін маңызды алаң болады. Ол стартаптарға Оңтүстік-Шығыс Азияның қарқынды дамып жатқан нарықтарына шығуға жеңіл мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Малайзия, Сингапур және басқа да елдер қамтылады. Бұл серіктестік жобаның ауқымын кеңейтіп, Орталық Еуразия мен Оңтүстік-Шығыс Азияның инновациялық экожүйелері арасында берік байланыс орнатуға ықпал етеді.
«Жаңа хаб кәсіпкерлерді, ірі компанияларды және инвесторларды біріктіріп, стартаптарға үлкен әрі қарқынды дамып жатқан Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына жол ашады. Бүгінде біздің резиденттер мен аймақтағы стартаптар бұл нарыққа үлкен қызығушылық танытып отыр. Көптеген компаниялар бұл елдерді халықаралық дамудың негізгі бағыты ретінде қарастырып келеді. Жаңа хаб оларға өз өнімдерін сынап қана қоймай, нақты жобаларға енгізіп, тұрақты дамуға мүмкіндік береді», – деді IT Park Uzbekistan бас директорының бірінші орынбасары Жахонгир Раджабов.
Хаб стартаптарға жан-жақты қолдау көрсетеді. Оның ішінде заңдық және іскерлік ортаға бейімдеу, ірі компаниялармен пилоттық жобаларға қатысу, инвесторларға қол жеткізу, тәлімгерлік бағдарламалар мен іскерлік сапарлар ұйымдастыру бар. Әсіресе, пилоттық жобаларды нақты коммерциялық келісімдерге айналдыруға және жергілікті инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлінеді.
«Оңтүстік-Шығыс Азияда хаб ашу – біздің Орталық Азия стартаптарын жаһандық деңгейге шығару стратегиямыздың заңды жалғасы. Бұған дейін біз Дубай мен Шанхайда хабтар ашқан болатынбыз. Енді Малайзиядағы жаңа хаб келесі маңызды қадам. Біз жай ғана өкілдік емес, әлемдегі ең қарқынды дамып жатқан технологиялық нарықтардың біріне шығуға мүмкіндік беретін толыққанды инфрақұрылым құрып жатырмыз. Бұл біздің стартаптарға жаңа клиенттер, серіктестер және инвестициялар табуға жол ашады әрі өңірдің жаһандық инновациялық ортаға қосылуын күшейтеді», - деп атап өтті Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев.

Жоспар бойынша Astana Hub пен IT Park Uzbekistan бұл хабқа дайын өнімі бар және ауқымын кеңейтуге әлеуеті жоғары стартаптарды іріктеп жіберетін болады. Сонымен қатар, бұл бастама екіжақты инновациялық алмасуды дамытуға бағытталған. Яғни, Оңтүстік-Шығыс Азиядан стартаптарды Қазақстан мен Өзбекстанға тарту, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру және технология алмасуды жандандыру көзделіп отыр.
«Біз Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы байланысты күшейтуде үлкен, әлі толық пайдаланылмаған мүмкіндік бар деп есептейміз. Малайзияда осы хабты құру арқылы біз өңірлік таланттар мен өзіміздің портфельдік компанияларға әлемдегі ең қарқынды дамып жатқан цифрлық экономикалардың біріне шығуға жол ашамыз. Біз нарыққа шығу стратегиясын әзірлеу және B2B SaaS бағытындағы тәжірибемізді пайдаланып, Орталық Азиядағы инновациялардың бұл өңірде тұрақты орнығуына көмектесеміз», – деді Big Sky Capital басқарушы серіктесі Әділ Нұрғожин.
Меморандум тараптардың стартаптарды қолдау, венчурлік инвестиция тарту, IT және жасанды интеллект шешімдерін экспорттау, сондай-ақ бірлескен білім беру және акселерациялық бағдарламаларды іске қосу бағытында ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін бекітеді.
Бұл хабтың іске қосылуы Орталық Азияны технологиялық шешімдер экспорттайтын жаңа өңір ретінде танытуға ықпал етіп, жергілікті компаниялардың әлемдік нарықтағы орнын нығайтады деп күтіледі.