Қазақстанда 100-ден аса венчурлық инвесторларды оқытпақ
28 қыркүйекте IT-стартаптардың халықаралық технологиялық паркі Astana Hub-тың VC School бесінші легін оқытуды бастады. VC School оқу курсының тыңдармандары өз қаражаттарын технологиялық жобаларға инвестициялау мүмкіндігіне ие болады.
VC School курстарына қатысуға шамамен 200 өтінім келесі елдерден келіп түсті: Қазақстаннан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Индонезия мен Гонконг. Қатысуға өтінім жібергендер: кәсіпкерлер, ірі ұйымдардың менеджерлері, инженерлер, сараптаушылар, заңгерлер, стартап негізін қалаушылары.
Венчурлық инвестицияға кіріспе, инновациялық экожүйенің ерекшеліктері, жоба пайплайындарды қалыптастыру ережелері, стартапты толық сараптаудың егжей-тегжейі - мектептің бесінші легінің инвесторлары екі күнде осы тақырыптарды өтті.
Жаңа ақпараттан басқа, қатысушылардың ТМД елдерінің үздік инвесторларымен тікелей сөйлесуге мүмкіндігі болды. YellowRockets Group компаниясының негізін қалаушысы Сергей Богданов, YellowRockets.vc венчурлық қорының басқарушы серігі Дмитрий Сутормин мен ҒБДҚ* қоржынының басқарушысы Илья Королев мазмұнды оқу бағдарламасын дайындап, венчурлық инвестициялар әлемінің барлық айқын және айқын емес жақтарын қамтыды.
- Біз Astana Hub-пен әріптестігіміз бұрыннан бері келе жатыр. Осыдан бұрын біз Акселерация бағдарламасына студенттердің 3 легін бірлесіп қабылдадық, стартаптармен жұмыс жасадық, оларға жаңа деңгейге шығуға көмектестік. Енді біз “фронтқа басқа жақтан” шықтық - инвестиция құюға жарамды стартаптарды сараптау жағынан, - бөлісті Сергей Богданов. - Бүгін Қазақстанда технологиялық стартаптардың саны сағат сайын өсуде. Сәйкесінше, ол жобаларды дамытатын сауатты инвесторлар керек.
Курстың жеке тақырыбы заң сұрақтары мен келісімдерді құрылымдаудың қарапайым форматтарына арналған. Оған қоса, қатысушылар «қоржынды басқару» деген ұғымымен танысады, венчурлық нарыққа қатысушылардың сәтті стратегиялары мен сол нарыққа шығудың стратегияларын талдайтын болады.
- Қазақстанның венчурлық инвесторлар экожүйесін дамыту әлеуеті өте жоғары. Дамыған инфрақұрылым, мықты оқу негізі, халықаралық нарыққа шығып жүрген қызық стартаптар – осының барлығы венчурлық инвесторлардың жаңа отандық ортақтастығын құруға жағымды жағдай жасап отыр, - деді Дмитрий Сутормин.
Курстың форматы гибридті: 20 Алматы тұрғындары үшін оффлайн, ал қалған облыстар үшін - онлайн.
YellowRockets венчурлық қоры ерте кезеңдегі мықты командасы бар және даму әлеуеті жоғары стартаптарға инвестиция құяды. YellowRockets стартаптарға арналған акселерациялық бағдарламаларды ұйымдастырумен айналысады, үздік ресейлік және халықаралық венчурлық қорлар, даму институттар, бизнес-періштелер мен корпорациялардың қауымдастығымен қызметтеседі.
Ғаламтор-бастамаларды дамыту қоры* — Стратегиялық бастамалар агенттігі құрған венчурлық инвестициялармен айналысатын ресейлік қор. Қор дамудың ерте сатысындағы технологиялық компанияларға инвестицияларды ұсынады, акселерациялық бағдарламаларды жүргізеді және венчурлық саланы құқықтық реттеу әдістерін дайындаумен айналысады. 2013 жылдан бастап ҒБДҚ Ресейдегі ең белснді инвестициялық қор болып табылады.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін