Astana Hub Грузия, Қырғызстан және Өзбекстанмен меморандумға қол қойды
29 қыркүйекте Бішкекте сегізінші Қырғызстандық Ақпараттық технологиялар форумы, ҚАТ-форум — 2021 өтті. Оған Astana Hub өкілдері де қатысты
Іс-шара аясында төрт елдің: Грузия, Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстанның IT-парктері арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті. Тараптар технопарк резиденттерін басқа елдердің нарықтарына жылжыту бойынша күш біріктіруге, стартаптарды бірлесіп қолдауға, сондай-ақ IT-секторға инвестициялар тартуға уағдаласты.
Келісім жемісті және ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізін қалайды.
Astana Hub қатысушыларын қолдау кеңсесінің директоры Бақытжан Ешмұхамбетов атап өткендей, бұл оқиға біздің елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынастарды жолға қоюдың жаңа кезеңіне айналмақ және АТ-стартаптардың халықаралық нарыққа шығуы үшін жаңа мүмкіндіктер бермек.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін