Astana Hub-қа Түркі кеңесінің мүшелері қонаққа келді

Әзірбайжан, Мажарстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан цифрландыру министрліктерінің өкілдері Astana Hub жұмысымен танысты.


Бүгін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі аясында Astana Hub технопаркінің тұсаукесері өтті. Әзірбайжан, Венгрия, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан делегацияларының басшылары өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылап, цифрлық трансформацияның соңғы технологияларды енгізу және инновацияларды дамыту бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Astana Hub  пен толықтай танысқан болатын.

Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев Орталық Азиядағы ең ірі технопаркке алғаш рет келген делегаттарға экскурсия өткізді. Мағжан технопарктің жұмыс істеу қағидалары, экспорт пен инвестиция тартудағы ең жарқын жетістіктер мен алдағы жылдарға арналған мақсаттармен бөліскен. Қонақтар заманауи инфрақұрылым мен IT-стартаптарды оқыту, дамыту және пайдалану үшін қолайлы жағдайларды ерекше бағалады.

Сонымен қатар, сапар барысында Alem бағдарламалау мектебінің директоры Дагар Давлетов мұндағы оқушылар бір-біріне кодтау негіздерін тиімді әрі жылдам үйрететін Ecole-42 жүйесі туралы бөліскен.

Hub Space-пен танысқаннан кейін қонақтар ірі қазақстандық IT-компаниялардың: Bilim Land, DAMU ақпараттық технологиялар орталығы және Kazdream Technologies питчингін тыңдады. 

Спикерлер еліміздегі ІТ саласының даму ерекшеліктеріне тоқталып, өз жобаларымен таныстырды. Осылайша, «Даму» КТС медициналық қызметтерді цифрландыру, цифрлық Қазақстан тарихында алғаш рет «мобильді дәрігер» және «мобильді пациент» қызметтерін енгізудегі жетістіктерін атап шықты.

 

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін