Шараға шамамен 200 адам қатысып, олардың ішінде 80-ге жуық IT-компания өкілдері болды. Қатысушыларға Astana Hub мүмкіндіктері, білім беру және акселерациялық бағдарламалар, салықтық жеңілдіктер, сондай-ақ халықаралық нарыққа шығу және инвестиция тарту құралдары таныстырылды. Сонымен қатар технологиялық командалар үшін бірыңғай цифрлық экожүйені дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды.
«Біздің мақсатымыз – еліміздің барлық өңіріндегі IT-командалар Astana Hub ресурстарына тең дәрежеде қол жеткізе алатын бірыңғай орта қалыптастыру. Біз инновациялық жобаларды қолдау мен олардың ауқымын кеңейтуге басымдық береміз. Алматы стартаптар қарқынды дамып жатқан қалалардың бірі. Бүгінгі кездесу жергілікті командалар үшін кластер мүмкіндіктерімен танысып қана қоймай, сарапшылармен, менторлармен және әлеуетті серіктестермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Astana Hub басқарушы директоры Назгүл Байтемирова.
Бағдарлама аясында Astana Hub қатысушыларды қолдау кеңсесінің директоры Нұрмахан Закарин Trusted Kazakhstan бастамасын таныстырды. Бұл Қазақстанға келетін халықаралық IT-мамандар мен технологиялық компаниялар үшін түсінікті әрі қолайлы жағдай жасауға бағытталған кешенді бағдарлама. Аталған бастама визалық және резиденттік рәсімдерден бастап, технологиялық қауымдастыққа қосылу және жергілікті экожүйеге бейімделу құралдарын біріктіретін бірыңғай кіру жолын қалыптастырады.
Open Day іс-шарасының арнайы қонағы Арман Сүлейменов «NFactorial әлемі» тақырыбында сөз сөйледі. Ол NFactorial білім беру экожүйесінің дамуы, жобаның негізгі нәтижелері мен көрсеткіштері туралы айтып, Astana Hub-пен серіктестік аясында қол жеткізілген мүмкіндіктерге тоқталды. Сонымен қатар, бұл ынтымақтастық білім беру бастамаларын кеңейтуге және өңірдегі IT-мамандарды даярлау ісіне оң әсерін тигізіп отырғанын атап өтті.
Мемлекеттік қолдау және IT-экожүйені дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Open Day сияқты іс-шаралар IT-мамандарды даярлауда, жаңа жобаларды іске қосуда және қазақстандық бизнесті халықаралық деңгейде ілгерілетуде маңызды рөл атқарады.