Astana Hub DigitalOcean серіктесі атанды
Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркі енді стартаптар үшін бұлтты кредиттер беретін DigitalOcean компаниясымен ынтымақтасады. Hatch бағдарламасы арқылы қазақстандық стартаптар жылына 1000$ дейін несие ала алады.
Hatch - бұл DigitalOcean компаниясының ғаламдық бағдарламасы, ол стартаптарға бұлтта инфрақұрылымды құруға мүмкіндік береді. Стартаптар осы бағдарламаның бір бөлігі бола отырып, несие алып қана қоймайды, сонымен қатар техникалық тренингтерге, жетекші продуктологтардың, шешім инженерлерінің, әзірлеушілердің және басқа да сарапшылардың қолдауына қол жеткізеді.
Артықшылықтардың ішінде ғаламдық Hatch қауымдастығына қол жетімділік, DigitalOcean медиа арналары арқылы маркетингтік көмек, эксклюзивті желілік іс-шараларға шақыру бар.
Бағдарламаға қатысуға өтінім беру үшін стартаптарға өтінім нысанын - сілтемені толтыру немесе лендинг-парақтан өту қажет (https://astanahub.com/l/partner-resources) және DigitalOcean ресурсын таңдау арқылы өтініш беруге болады.
Бағдарламаға Astana Hub барлық стартап-қатысушылары қатыса алады. Алайда, бұрын DigitalOcean-дан жарнамалық несие алғандар қатыса алмайды.
DigitalOcean - бұлтты инфрақұрылымды жалға беру қызметін ұсынатын ең танымал американдық компаниялардың бірі. Компания әзірлеушілерге, стартаптарға және ШОБ-ке қосымшаларды жедел әзірлеуге және масштабтауға көмектеседі.
Пікірлер 1
Кіру пікір қалдыру үшін
Azamat Zulpykhar · Шілде 24, 2022 15:26
Было бы отлично если astana hub стал партнером Vercel