Astana Hub 2–8 тамыз аралығында Астанада өтіп жатқан 3-ші Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының (IOAI 2026) жергілікті серіктесі болып табылады. Биыл IOAI олимпиадасы әлемнің 110 елі мен аумағынан келген шамамен 500 қатысушыны, сондай-ақ жетекші сарапшылар мен жаһандық технологиялық индустрия өкілдерін біріктірді.
Олимпиаданың ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті.
Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, IOAI Халықаралық кеңесінің тең құрылтайшысы және төрағасы Елена Маринова, сондай-ақ Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясының президенті Бағдат Мусин қатысты.
Рәсімге IOAI 2026 қатысушылары, команда жетекшілері, бақылаушылар және халықаралық олимпиадалық қауымдастық өкілдері қатысты. Биылғы жарыс әлемнің 110 елі мен аумағынан келген шамамен 500 қатысушыны біріктірді. Астана зерттеушілердің, инженерлердің және технология жасаушылардың жаңа буынының бас қосатын алаңына айналды.
Шақырылған сарапшылардың баяндамалары салтанатты рәсімнің маңызды бөліктерінің бірі болды. Sinovation Ventures компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры, Sinovation Ventures жасанды интеллект институтының президенті, Google China компаниясының бұрынғы президенті доктор Кай-Фу Ли, Kaspi.kz компаниясының тең құрылтайшысы және бас атқарушы директоры Михаил Ломтадзе, сондай-ақ Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Тимур Турлов жасанды интеллект технологияларының қарқынды дамуы, іргелі білімнің маңызы, тәжірибе жасауға дайын болу және жаңа буын әзірлеушілерінің жауапкершілігі туралы айтты.
IOAI 2026 бағдарламасы аясында alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы олимпиаданың негізгі алаңдарының біріне айналады. 6 тамыз күні мұнда жасанды интеллекттің дамуына, робототехникаға және цифрлық мамандықтардың болашағына арналған халықаралық сарапшылармен, зерттеушілермен және технологиялық компаниялар өкілдерімен білім беру кездесулері өтеді. Апта бойы командалар роботтарды құрастыру және бағдарламалау жұмыстарымен де айналысады.
7 тамыз күні alem.ai алаңында олимпиаданың ең көп күтілетін кезеңдерінің бірі – Team Challenge командалық жарысының финалы өтеді. Дәл осы жерде әлемнің ең мықты он командасы роботтарды бағдарламалап, өз шешімдерін халықаралық қазылар алқасына ұсынады.
Еске сала кетейік, 3-ші Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасы IOAI 2026 Астанада 2–8 тамыз аралығында өтуде. Қатысушылар машиналық оқыту, компьютерлік көру, табиғи тілді өңдеу және жасанды интеллекттің басқа да бағыттары бойынша тапсырмаларды орындайды.
Олимпиада бағдарламасына екі жеке тур, командалық челлендж, білім беру кездесулері, халықаралық пікірталастар және мәдени іс-шаралар кіреді.
IOAI 2026 олимпиадасының Қазақстанда өткізілуі елдің цифрлық білім беруді дамытуға, талантты жастарды қолдауға және жасанды интеллект саласындағы жаһандық күн тәртібін қалыптастыруға қатысуға деген ұмтылысын көрсетеді.
Қазақстандағы олимпиаданың ұйымдастырушысы – Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясы (CPFED).
Анықтамалық ақпарат
IOAI – мектеп оқушыларына арналған халықаралық ғылыми жасанды интеллект олимпиадасы. Ол жас таланттарға жарысуға, білім алмасуға және жасанды интеллект технологияларының озық бағыттарымен танысуға мүмкіндік беретін халықаралық алаң ұсынады.
Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасы 2024 жылдан бері өткізіліп келеді және әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан олимпиадалардың біріне айналды. Алғашқы IOAI 2024 жылы Болгарияның Бургас қаласында өтіп, оған 32 ел мен аумақ қатысты. Екінші Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасы Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында ұйымдастырылып, оған 61 ел мен аумақ қатысты. Астана 3-ші IOAI олимпиадасын қабылдап отыр, мұнда қатысушылар мен елдер саны бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді.
IOAI 2026 серіктестері
3-ші Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасы Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.
Жаһандық серіктестер: IMC, Jane Street, Google, Huawei, Galbot, HRT, Mohammed bin Zayed University of AI, DeepInfra.
Жергілікті серіктестер: Kaspi.kz, Freedom Holding Corp., Documentolog, Higgsfield AI, Astana Hub.