Бұл жазба автоматты түрде аударылған. Бастапқы тіл: Kazakh
Бағдарлама мақсаты – шетелдік IT-компанияларды технопаркке тартуға үлес қосатын жеке тұлғаларды көтермелеу құралдарын енгізу. Бұдан бөлек халықаралық IT-қауымдастықты Astana Hub қызметі туралы, IT-компаниялар мен мамандарды Қазақстан аумағында бизнес жүргізу мүмкіндіктері жайлы ақпараттандыруды көздейді.
«Бұл рефералдық бағдарлама бүкіл әлемнің жеке тұлғалары мен IT-мамандарына бірегей мүмкіндіктер ұсынады. «Коннектор» мәртебесіне ие бағдарлама қатысушылары Қазақстанға жетекші халықаралық IT-компанияларды шақырып, осы үшін сыйақы ала алады», – деді Әзиз Тілеумұратов, Astana Hub басқарушы директоры.
Коннекторларда технопаркке тартқан қатысушылары үшін тоқсан сайынғы алымдар сомасынан сыйақы алу мүмкіндігі бар. Бағдарламаға қатысу үшін Astana Hub платформасында сауалнама толтыру қажет.
Astana Hub мүдделі тараптар мен кәсіпқойларды жаңа бағдарламаға қосылып, Қазақстан IT-индустриясын дамытуға үлес қосуға шақырады.