Astana Hub өзінің венчурлық қорын іске қосады

Astana Hub - Орталық Азиядағы жетекші технопаркі Astana Hub Ventures венчурлық қоры іске қосылғанын хабарлайды. Қор мақсаты – болашағы зор 20 стартаптан юникорн құру.


 «Astana Hub Ventures-тің Орталық Еуразия экожүйесін дамытуға қосатын үлесі орасан зор болады. Бүгінде технопарк Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қолдауымен Қазақстан өңірлерінен бастап Кремний алқабына дейін технологиялық таланттарды дамыту траекториясын құрды. Бізде 2023 жылы 400 млрд теңге тапқан 1450 IT-компания бар. Ал резиденттердің табысы 5 жылда 33 есе өсті» , - деді Мағжан Мәдиев, Astana Hub бас директоры.

Мемлекет басшысы Үкіметке 2026 жылға қарай Қазақстан IT-қызметтері экспортын $1 млрд-қа дейін жеткізу міндетін қойды. Жаңа венчурлік қор қазақстандық IT-өнімдер экспорты мен жаһандық экспансиясын қолдауды күшейтуге ықпал етеді. Сондай-ақ бұл қазақстандық стартаптарға қаржыландыру ұсынып қана қоймай, халықаралық нарық есігін ашып, олардың жетілуі мен дамуын жеделдетеді.

«Біздің міндетіміз – инвестиция салу ғана емес, тәлімгерлік және консультациялық қолдау көрсету. Стартаптар шетелдік венчурлық қорлардан инвестиция тартуы үшін жаһандық серіктестер желісінің барлық мүмкіндігін пайдалану, масштабтау және әлемдік аренада сәтті бәсекелесу», - деп Мағжан Мәдиев өз сөзін толықтырды.

Естеріңізге салсақ, Astana Hub стартаптарға жоба құрудан бастап оны халықаралық нарыққа масштабтауға дейін қолдау көрсетеді. Бүгінде технопаркте 1493 IT-стартап тіркелген, оның ішінде 408-і шетелдік қатысумен. Astana Hub-та Silkway Accelerator және Hero Training сияқты Google for Startups пен Draper University-мен бірлескен бағдарламаларды қоса алғанда, Орталық Еуразияның стартаптарын ілгерілетуге бағытталған бірқатар инкубациялық және акселерациялық бағдарлама табысты жұмыс істеп тұр. 

Пікірлер 3

Кіру пікір қалдыру үшін

Big congrats!!!! 🎆🎇🎊

Жауап беру

Wow, Congratulations! ⚡

Жауап беру