AI’preneurs бағдарламасы әзірлеушілерді, зерттеушілерді және түрлі саланың кәсіпкерлерін бір ортаға тоғыстырып, жасанды интеллектіні жай ғана меңгерумен шектелмей, идеяларды технологиялық компанияларға айналдыруға мүмкіндік беретін экожүйе ретінде құрылды. Бағдарламаның жаңа легі де осы бағытты жалғастырып, команда жасақтаудан бастап MVP әзірлеу мен нарыққа шығуға дейінгі кезеңдерді қамтиды.

Бағдарлама екі негізгі кезеңнен тұрады. Біріншісі – жеке қатысушыларға арналған төрт апталық интенсив. Бұл кезеңде қатысушылар командасыз келіп, тәжірибелік дайындықтан өтеді, кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамытады, идеяларын сынақтан өткізіп, болашақ серіктестерін табады. Екінші кезең – жасақталған командаларға арналған он апталық Core Accelerator бағдарламасы. Мұнда негізгі назар гипотезаларды тексеруге, өнім әзірлеуге, алғашқы сатылымдарды жасауға және жобаны ауқымдауға дайындыққа аударылады. Бағдарлама соңында Demo Day өтіп, үздік командалар өз жобаларын венчурлік қорларға, бизнес-періштелерге және корпоративтік серіктестерге таныстырады.
Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев аталған бағдарламаның AI-компанияларды іске қосатын толыққанды тетікке айналғанын айтты.

«AI’preneurs үш лек ішінде Қазақстанда AI-кәсіпкерлікке сұраныстың жоғары екенін дәлелдеді. Біз 960 өтінім қабылдап, 35 стартап команданың құрылғанын көрдік. Бүгінде бағдарлама түлектері сатылымдар мен алдын ала келісімдер арқылы 590 мың АҚШ долларын табысқа айналдырды. Біздің мақсатымыз — жаһандық деңгейдегі AI-компаниялар қалыптасатын орта құру. Astana Hub қатысушыларға инфрақұрылымға, халықаралық желіге, сарапшылар қауымдастығына және идеяны ауқымды бизнеске айналдыруға көмектесетін құралдарға қолжетімділік береді», — деді Таңат Өскембаев.
Жаңа легтің таныстырылымы барысында Astana Hub бизнес-бағдарламалар кеңсесінің директоры Әшімбек Әбілғазинов AI’preneurs құрылымы мен қатысушыларға ұсынылатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты баяндады.
Opening Day аясындағы негізгі шаралардың бірі бағдарлама түлектері қатысқан панельдік сессия болды. Сессияны Әйгерім Нұрғалиева жүргізді. Ал Закиржан Айсабаев, Мади Нурманов, Амир Жакышев және Азат Бекмагамбетов AI-стартап құрудағы тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлер AI’preneurs бағдарламасының идеяны нақты өнімге айналдыруға қалай көмектесетінін айтып, бағдарламадан өту тәжірибесін ортаға салды және жаңа қатысушыларға стартапты дамыту мен команда құру жөнінде практикалық кеңестер берді.

Бағдарлама аясында бүгінде AI-нарықтың түрлі бағытын қамтитын жобалар пайда болған. Олардың қатарында шетелдік университеттерге түсуге арналған AI-платформа YERAI, рекрутингті автоматтандыратын ELECTI, клиенттік коммуникацияларды автоматтандыруға арналған STIKER AI, әлеуметтік желілерге арналған вирус контент жасау құралдарын әзірлейтін RE:CREATE, Telegram ішіндегі этноойын KAFTAN, бизнеске AI-шешімдерді енгізуді жеңілдететін BOTABLE.DEV, мұнай-газ саласына арналған өндірістік қауіпсіздік платформасы CORELIS AI, бейнеойындарды аудару мен локализациялауға арналған инженерлік AI-шешім ұсынатын SOLIDROCK және AVM стартапы бар.
Бағдарлама трекері Аркадий Селезнев стартап командалармен жұмыс істеу тәсілі туралы айтып өтті. Оның сөзінше, AI’preneurs-тің басты міндеті — командалардың жоғары қарқынмен жұмыс істеуіне, гипотезаларды жылдам тексеруіне және нақты нарыққа шығуына көмектесу.
Бағдарламаның басты артықшылықтарының бірі — экожүйелік тәсіл. Басқа қаладан келген қатысушылар Астанада тұратын орынмен қамтамасыз етіледі, ал командаларға бірлесіп жұмыс істеуге арналған кеңселер беріледі. Әр стартапқа арнайы трекер бекітіліп, ол командамен тұрақты түрде жұмыс жүргізіп, борд-кездесулер өткізіп, даму қарқынын сақтауға көмектеседі.
Сонымен қатар командалар AI-шешімдерді әзірлеуге арналған AlemPlus цифрлық платформасын пайдалана алады. Платформа бұлтты инфрақұрылымға, GPU-ресурстарға және MVP-ді жылдам прототиптеуге арналған құралдарға қолжетімділік береді.
Бағдарлама түлектеріне Astana Hub-тың Дубай, Шанхай және АҚШ-тағы халықаралық хабтары арқылы жаһандық нарыққа шығу мүмкіндігі ұсынылады. Оған soft landing бағдарламалары мен жергілікті нарықтарға шығуға арналған қолдау да кіреді. Үздік жобалар SAFE үлгісі бойынша бастапқы инвестиция алуға үміткер бола алады.
AI’preneurs бағдарламасы Қазақстанда қалыптасып жатқан alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы экожүйесінің негізгі құралдарының біріне айналып келеді. Бұл орталық AI-технологияларды, стартаптарды және таланттарды дамыту алаңы ретінде құрылған. Жаңа лек қатысушылары орталық аумағында жұмыс істеп, инфрақұрылымға, AI-қауымдастыққа және технологиялық экожүйеге тікелей қол жеткізеді.