Биыл бағдарламаға қатысу үшін Қазақстан, Өзбекстан, Грузия, Әзербайжан, Моңғолия және Ресей елдерінен 85 өтінім түсті. Алғашқы іріктеу мен онлайн-диагностика нәтижесінде сарапшылар комиссиясы төрт үздік жобаны таңдады. Олар – Health Balance, Sale Scout, ZEEP және Hemo.Labs.
«Hero Training әрбір жаңа легімен стартаптардың дамуын жеделдетіп келеді. Командалар стратегиясын қайта қарап, өнімдерін күшейтіп, халықаралық нарыққа шығуға сенімді бола түседі. Бағдарламаның төрт легіне 41 стартап қатысып, жалпы көлемі шамамен $3,3 млн инвестиция тартты. Бұл көрсеткіштер өңір стартаптарының жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдейді», – деді Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев.
Бағдарламаға қатысқан жобалардың бірі – Health Balance стартапы. Жоба денсаулық пен well-being саласында деректер мен технологияларға негізделген шешімдер ұсынып, пайдаланушылардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.
«Hero Training біз үшін дамудың маңызды кезеңі болды. Халықаралық менторлар мен нарықтан алынған кері байланыстың нәтижесінде өнім стратегиясын қайта қарап, құндылық ұсынысымызды нақтыладық. Бағдарлама аясында халықаралық конференцияларға, соның ішінде TechCrunch Disrupt іс-шарасына қатысып, жобаның танымалдылығын арттыруға мүмкіндік алдық. Қазір біз өнімді әрі қарай жетілдіріп, шетел нарықтарына шығуға басымдық беріп отырмыз», – деді Health Balance стартапының бас директоры Жақсыбек Нұртлесов.
Сондай-ақ бағдарламаға ZEEP стартапы қатысты. Бұл өз SaaS-платформасына негізделген, франчайзингке дайын цифрлық сусын сату станциялары желісін дамытатын FoodTech-жоба.
«Hero Training ZEEP жобасының бизнес-моделі мен операциялық стратегиясын жетілдіруге көмектесті. Біз цифрлық кофеханалардың масштабталатын форматтарын және жаңа нарықтарға шығудың негізгі тетіктерін тереңірек түсіндік. Инвестициялық питчті күшейтіп, менторлармен және әлеуетті серіктестермен, соның ішінде технологиялар мен төлем шешімдері бағытында, пайдалы байланыстар орнаттық. Қазір басым нарықтарды айқындап, пилоттық жобаларды іске қосуға дайындалып жатырмыз», – деді ZEEP стартапының негізін қалаушы Даурен Қозыбаев.
Венчурлық инвестор Тим Дрейпер негізін қалаған Hero Training бағдарламасы MVP деңгейіндегі және одан жоғары дайын өнімдері бар технологиялық стартаптарға арналған. Бағдарлама Draper экожүйесінің кәсіпкерлері мен сарапшыларының қолдауымен жобалардың өсуін жеделдетуге, АҚШ нарығына шығуға дайындалуға, сондай-ақ халықаралық инвесторлар мен серіктестердің назарын аударуға мүмкіндік береді.
Hero Training бағдарламасы және оның бірінші, екінші, үшінші легінің қатысушылары туралы толығырақ ақпаратты Astana Hub платформасынан табуға болады.
Анықтама үшін:
Draper Ecosystem – таланттарды, сарапшыларды және инвесторларды біріктіретін бірегей экожүйе. Ол стартаптарға жетекші фасилитаторлар, менторлар, салалық сарапшылар, корпоративтік серіктестер мен инвесторлардың кең желісін ұсынады. Draper University негізін қалаушы – АҚШ-тағы ең ірі венчурлық инвесторлардың бірі Тим Дрейпер.