Өтінімдер 15 маусымға дейін astanahub.com платформасында қабылданады.
Бастаманы Астана қаласының әкімдігі мен «Астана Innovations» АҚ Astana Hub-пен бірлесіп жүзеге асырады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – технологиялық командаларға өнімді дамытуға қолдау көрсету. Бұл әзірленген шешімдердің нақты ортадағы тиімділігін бағалап, оларды одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.
«Бүгінде Астана цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қаланың нақты мәселелерін шешуге бағыттап, заманауи қалалық ортаны жүйелі түрде қалыптастырып келеді. Astana Innovations Accelerator мықты шешімдерді анықтап, оларды іс жүзінде сынауға және стартаптар мен қалалық қызметтердің тиімді ынтымақтастығын жолға қоюға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары бағдарлама елорданың инновациялық экожүйесінің маңызды бөлігіне айналып, 100-ден астам командаға қолдау көрсетті. Ал оннан астам жоба қалалық ортада пилоттық кезеңнен сәтті өтті. Міндетіміз – болашағы зор технологиялық шешімдердің қала тұрғындары күнделікті пайдаланатын нақты сервистерге айналуына жағдай жасау», – деді «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Ғизат Әмірғали.
Бағдарламаға дайын өнімі, шешімі немесе MVP нұсқасы бар стартаптар, сондай-ақ қаланың нақты технологиялық міндеттеріне арналған шешім әзірлеуге дайын командалар қатыса алады. Басым бағыттардың қатарында көлік, экология, қауіпсіздік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау және қалалық инфрақұрылымның өзге де салалары бар.
«Көптеген стартап үшін алғашқы сынақ идеяны өміршең бизнеске айналдыратын маңызды кезең саналады. Ол кері байланыс алып, өнімнің қаншалықты сұранысқа ие екенін бағалауға септігін тигізеді. Былтыр бағдарлама қатысушылары түрлі ұйымдармен бірлесіп пилоттық жобаларды жүзеге асырды, ал бірқатар стартап өз дамуын жалғастыру үшін қаржылай қолдауға ие болды. Мұндай бастамалар инновациялық шешімдердің тәжірибеде қолданылуына жол ашып, оларды кеңінен енгізуге қажетті жағдай қалыптастырады», – деді Astana Hub бизнес-бағдарламалар офисінің директоры Әшімбек Әбілғазинов.
Іріктеу қорытындысы бойынша бағдарламаға 25 команда өтеді. Алдағы екі ай ішінде олар сарапшылар мен трекерлердің қолдауымен жобаларын жетілдіріп, Astana Hub экожүйесінің ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік алады. Сондай-ақ қатысушылар жұмыс кеңістіктеріне, қаржыландыру тетіктеріне және өңірлік командаларға арналған тұрғынжайға қол жеткізеді. Бағдарлама соңында стартаптар жобаларын мемлекеттік сектор, бизнес қауымдастық, венчурлік қорлар мен инвесторлар алдында өтетін Demo Day барысында қорғайды.
Бастама технологиялық қауымдастық тарапынан жоғары қызығушылыққа ие болды. Былтыр бағдарламаға қатысу үшін 160 өтінім түсіп, олардың ішінен 21 жоба іріктелді. Нәтижесінде 13 стартап Demo Day барысында пилот нәтижелерін ұсынып, қаланың нақты қажеттіліктеріне бейімделген шешімдерін таныстырды. Ал ең үздік сегіз команда SAFE келісімдері аясында қаржыландыруға қол жеткізді.
Astana Innovations Accelerator-дың жаңа легі технологиялық командаларды қолдау және қалалық ортаның өзекті мәселелеріне тиімді шешімдер іздеу жұмысын жалғастырады.
Бағдарлама және қатысу шарттары туралы толық ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://astanahub.com/kk/l/AIN2026