2026 жылғы 7–15 шілде аралығында Астанада Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының базасында спорттық бағдарламалаудан Northern Eurasia Camp (ICPC Training Camp in Kazakhstan) халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтеді. Шара Солтүстік Еуразияның үздік командаларына арналған. Ұйымдастырушылар — Yandex, Astana Hub және Alem.ai Foundation.
Northern Eurasia Camp ICPC халықаралық финалының жағдайына барынша жақын оқу ортасын қалыптастырады. Бұл үздік студенттік командаларға алгоритмдік дағдыларын жетілдіруге, жарыс стратегияларын пысықтауға және командалық жұмысты дамытуға мүмкіндік береді. Оқу-жаттығу жиынын өткізу Қазақстанда және өңірде спорттық бағдарламалауды дамытуға ықпал етіп, еліміздің Солтүстік Еуразиядағы IT-таланттарды даярлайтын жетекші орталықтардың бірі ретіндегі орнын нығайтады.
Жиынға Солтүстік Еуразия елдерінің өңірлік чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, үздік студенттер мен жаттықтырушылардан құралған 20 команда қатысады. Қатысушылар қатарында Қазақстанның (ҚБТУ және Astana IT University), Ресейдің (ҰЭМ ЖМБ, МФТИ, ИТМО университеті, Новосибирск мемлекеттік университеті, Орал федералдық университеті), Беларусьтің (БМУ), Арменияның (ЕМУ) және Әзербайжанның (ADA университеті) жетекші жоғары оқу орындарының финалға шыққан командалары бар.
Northern Eurasia Camp Астанада екінші жыл қатарынан өткізіліп, өңірдің жетекші командаларын даярлайтын маңызды алаң ретінде танылып үлгерді. Алғашқы жиынға Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің командасы қатысып, кейіннен ICPC World Finals 2025 турнирінің абсолютті жеңімпазы атанды және бүгінде әлемнің қазіргі чемпиондары болып табылады. Сондай-ақ алғашқы оқу-жаттығу жиынына 2023 жылғы әлем чемпионы — ҰЭМ ЖМБ-ның FFTilted командасы да қатысып, келесі әлемдік финалға дайындалған болатын.
Солтүстік Еуразия командалары дәстүрлі түрде спорттық бағдарламалау бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында келеді. 2000 жылдан бері өңір университеттерінің өкілдері ICPC World Finals турнирінде 17 рет абсолютті чемпион атанды. Бұл Солтүстік Еуразияның әлемдік спорттық бағдарламалаудағы көшбасшы ретіндегі орнын айқын көрсетеді. Northern Eurasia Camp жиынын Астанада өткізу осы дәстүрді жалғастырып, жоғары білікті IT-мамандарды даярлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.
Оқу-жаттығу жиынының бағдарламасына мыналар кіреді:
- күндізгі контестер (жарыстар);
- есептерді талдау;
- ICPC форматындағы практикалық жаттығулар;
- ICPC World Finals талаптарына барынша жақын техникалық ортада жұмыс істеу;
- Astana Hub экожүйесімен танысу;
- қорытынды іс-шара және Gala Dinner.
Northern Eurasia Camp қатысушылар үшін спорттық бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының финалы — The 2026 ICPC World Finals турниріне дайындықтың негізгі кезеңдерінің бірі болмақ. Әлем чемпионатының финалы 2026 жылғы 15–20 қараша аралығында Дубай қаласында (БАӘ) өтеді. Қарқынды бағдарлама командаларға жарыс стратегияларын пысықтауға, командалық жұмыстың тиімділігін арттыруға және әлемдік аренада жоғары деңгейде өнер көрсетуге жан-жақты дайындалуға мүмкіндік береді.