Бағдат Мусин президентке IT-жобалардың көрме залын таныстырды
Digital Bridge-2023 Халықаралық технологиялық форумы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, премьер-министр Әлихан Смайылов және цифрландыру министрі Бағдат Мусин робототехника, Social Tech, Creative Economy, AI, FinTech, Industry 4.0, GovTech, Creative Economy, Kaspi.kz и АРФР, Astana Hub т.б. көрме айтақтарында болды.
Робототехника аймағында робототехника бойынша Қазақстан құрамасы мүшелерінің, көптеген жарыстардың чемпиондарының Stem Robotics, Alem School, MakerSpace жобалары ұсынылған.
Көрме залына экскурсия барысында IT-қоғамдастық өкілдері өздерінің әзірлемелерін көрсетіп, президентке цифрландыру министрлігі мен Astana hub жас стартаперлерді қалай қолдайтыны туралы айтып берді. Былтырғы Digital Bridge UVA, BEEP стартаптардың және басқа да ірі жобалардың даму сатысына айналды. Мысалы, UVU Shuttle IT-стартапы кептелістерді жеңілдетіп, қоғамдық көлік жүйесін IT-технологиялармен толықтыру арқылы тұрғындарға мектепке немесе жұмысқа қол жетімді және қауіпсіз жетуге көмектеседі. Жобада диспетчерлеу мен бағаны қалыптастыруды жасанды интеллект атқарады. Battle-да жеңіске жеткеннен кейін екі жылдан соң Мадиярдың командасы 1.3 миллион доллардан астам жеке инвестиция тартты бүгінгі күні 10.000-нан астам тұрақты жолаушы бар және бұл шешімді БАӘ мен Сауд Арабиясында іске асыруды бастап жатыр. Ал өткен жылы BEEP компаниясы Digital Bridge-ге қатысу кезінде қазақстандық инвесторлардан (My Ventures, Shanyraq Ventures) инвестициялар алды, сондай-ақ Нью-Йорктегі WeInvest Global венчур билдермен серіктестік орнатты.
Мемлекет басшысына денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы жобалар таныстырылды. Мысалы, «ДАМУ» кәсіперлікті дамыту қоры» АҚ «Интернет порталы және Online Damu мобильді қосымшасы» жеке кәсіпкерлерге Қордың қызметтерін онлайн пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «QR арқылы дәрігердің қабылдауында қызметті растау» (еДенсаулык на eGov mobile) жобаларын да атап өтуге болады.
Экскурсия барысында Президентке Astana Hub жобалары, Google for Startups, Draper University, Techdda, Silkroad innovation hub, өңірлік it-Hub бағдарламаларын іске асыру барысы туралы айтылды. «Ұлттық Ақпараттық Технологиялар» АҚ AI негізінде консультациялар өткізу және мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша «AiGov» чат бот жобасын таныстырды.
Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz»ҰК» АҚ цифрлық шешімдерімен, ҚМГ-ның көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік пен арнайы техника жұмысына ашық мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін – «Сапарларды басқару» жобасымен танысты.
Президент өз кезегінде елдегі цифрландыру тек бір саланы немесе қызмет саласын жетілдіруге ғана емес, сонымен қатар, экономика мен қоғамдық өмірдегі елеулі өзгерістерге де бағытталғанын атап өтті.
«Соңғы жылдары мемлекеттің белсенді саясатының нәтижесінде IT саласына қызығушылықтың күрт өсуі және адами капиталдың даму динамикасы байқалады. Мысалы, жоғарғы оқу орындарындағы IT-факультеттердегі студенттердің саны артуда: 2022-2023 жылдары 53 061 азамат ІТ-мамандығы бойынша бітіріп шықты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,6% артық. TechOrda бағдарламасы аясында біз IT-кәсіпті игергісі келетін қазақстандықтар үшін ваучерлік жүйе бойынша алдыңғы қатарлы жекеменшік IT-мектептерде оқыту мүмкіндігін қарастырдық. Жоба аясында азаматтар өз өмірлерін өзгертуге, сондай-ақ кәсіби бағыттарын өзгертуге мүмкіндік алады. Қазіргі уақытта бағдарлама бойынша 2000 адам IT-мамандықты игеріп, 450 мың теңге жалақымен жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды. 83 IT-мектеп құрылып, 3 273 IT-ваучер берілді», - деді министр.
Еске салайық, 12-13 қазанда Қазақстанның астанасында Орталық Азиядағы ең ірі IT-форум - Digital Bridge 2023 өтті. Форумның басты тақырыбы - Artificial and Human Intelligence: The right balance.
Форумның екі күндік бағдарламасы ауқымды шараларды қамтыды: ҚР Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін пленарлық отырыс және one-to-one кездесулер, шетелдік спикерлермен 30-дан астам панельдік сессия, келісімдерге қол қою, Google for Startups іс-шаралары, Digital Bridge Awards марапаттау рәсімі, стартаптар Аллеясы, Astana Hub Battle ірі стартаптар додасы, сонымен қатар корпорациялар, робототехника, IT-мектептер, VC Zone, аймақтық IT-хабтар көрмесі және ірі IT-компаниялардың вакансиялар жәрмеңкесі өтті.
Digital Bridge ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық технопаркі. Бас демеуші - Kaspi.kz. Демеушілер мен серіктестер - Freedom bank, Visa, Yandex, Citix, Ozon, ТТС, Halyk, Eurasian bank, BI Group, Allur, Bereke bank, Huawei, Mycar, Kazakhtelecom, Kcell, Tele2, Altel, Beeline, ҚазМұнайГаз, Qazaqgaz, Битрикс 24, QIC, KDSS, 7Generation, Binance.
Пікірлер 1
Кіру пікір қалдыру үшін
Нұрболат Елеш · Қаз. 14, 2023 22:19
Казахстан активно работает над интеграцией этих технологий в различные аспекты жизни и экономики