Қостанай облысының жасөспірімдері Қазақстандағы 10-сынып оқшыларына арналған тегін көшбасшылық бағдарламасына қатыса алады

Іріктеу кезеңінен өткен балалар Beginit by inDrive бағдарламасы аясында әлеуметтік көшбасшылық дағдыларын меңгеріп, идеядан бастап оны жүзеге асырғанға дейін әлеуметтік жобалар жасауды үйренеді. Финалға қатысушылар бағалы сыйлықтар мен inVision U жаңа инновациялық университетінің толық грантына ие болады.


Beginit by inDrive бағдарламасына 10-сынып оқушылары қатыса алады. Бірегей бағдарлама Astana Hub халықаралық технопаркі және өңірлік Qostanai IT Hub-ымен серіктестікте жүзеге асырылып жатыр.  Оқу Алматының тау бөктерінде орналасқан лагерьде өтеді. Тренинг барысында балалар Қазақстанның алты өңірінен келген құрдастарымен танысып, шығармашылық индустрия мен бизнес көшбасшыларынан құнды білім алады. Алматыда inVision U инновациялық университетінің ашылуы туралы ақпаратты алғаш рет Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Digital Bridge халықаралық форумының пленарлық отырысы барысында inDrive бас директоры Арсен Томский хабарлаған болатын.

 «Qostanai IT Hub InDrive-пен бірлесіп, жастарды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, атап айтқанда, Қостанай облысының мектеп оқушыларына біздің аймақтағы ғана емес, мүмкін әлемдік деңгейдегі әлеуметтік мәселелердің шешімін тауып және оны жоба ретінде ұсына алатын болашақ әлеуметтік көшбасшы ретінде әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі. Біздің міндетіміз – жас таланттарды олардың кәсіби және кәсіпкерлік әлеуетін жан-жақты дамыта алатындай қолдау, шабыттандырып, бағыт-бағдар беру», - деді Қостанай облысындағы Astana Hub өңірлік менеджері Дамир Мыңайдаров.

 Қостанай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында әлеуметтік көшбасшылық бағдарламасы өңірлік іріктеу кезеңі, білім беру модулі, жастар лагері және жоба модулі сияқты төрт кезеңнен тұратыны айтылды. Үздік 20 қатысушыға бағалы сыйлықтар мен inVision U инновациялық университетіне түсу үшін толық грант беріледі.

 «Біз Қазақстанның үшінші қаласында бағдарламамызды таныстырып отырмыз. Біз әр қалада балалардың туған өлкесі үшін пайдалы нәрсе жасауға ықыласы мен тілегін байқадық. Тараз бен Оралда іріктеу кезеңдері өте тартысты өтті, еліміздің кейбір қалаларында өтініш берушілер көп болғандықтан, өтініш қабылдауды уақытынан бұрын аяқтадық. Қостанай – ержүрек, өршіл адамдардың қаласы, көп жыл бұрын Ыбырай Алтынсарин бүкіл ел үшін айтулы тұлғаға айналды және әлі күнге дейін еңбектерімен және көшбасшылығымен бізге үлгі. Біз мыңдаған адамның өмірін өзгертетін жобаларды жасайтын әлеуметтік көшбасшы болғысы келетін және бола алатын жандарды іздейміз және мұндай жандар бұл қалада көп екеніне сенімдімін», - деп атап өтті Beginit by InDrive жобасының жетекшісі  Ерсайын Қабдрашев.

Осы айда іріктеу кезеңдері Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында өтті. Beginit by inDrive бағдарламасына қатысу және іріктеу кезеңінен өту сұрақтары туралы +7 705 343 06 12 нөмірі бойынша Ерсайын Қабдрашевқа хабарласуға болады.

 Astana Hub – 2018 жылдың 6 қарашасында құрылған Орталық Азиядағы ең ірі IT-стартаптар технопаркі. Astana Hub қызметі ІТ-бизнес үшін экожүйе құруға, ІТ саласындағы таланттарды оқытуға және стартап-жобаларды дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда 1317 IT-компания Astana Hub-тың қатысушысы саналады, оның ішінде 365-інің шетелдік үлесі бар. Олар материалдық инфрақұрылыммен қамтылған,  бизнесті дамыту бағдарламаларына қатысып, арнайы салықтық және визалық режимдерді пайдаланады, ақпараттық-білім беру қолдауына ие.

 inDrive – штаб-пәтері АҚШ-тың Калифорния штаты Маунтин-Вью өңірінде орналасқан көлік саласындағы қызметтерді көрсететін жаһандық платформа. InDrive қосымшасын 175 миллионнан астам қолданушы жүктеген, әлемдегі көлік шақыру бағытындағы ең танымал екінші қосымша болып табылады. Бұдан бөлек, InDrive қалааралық қатынас және жүк тасымалы, курьерлік жеткізу және жұмыс іздеуді қамтитын қызметтер тізімін дамытып келеді. inDrive әлемнің 40-тан астам елінде бар.

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

👍👍👍

Жауап беру