Тегін әлеуметтік көшбасшылық бағдарламасы Қазақстанның алты өңірін қамтыды

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік көшбасшылық және жобалық қызмет бойынша Beginit by inDrive курсына іріктеу кезеңі өтті. Astana Hub және Oskemen IT Hub қолдауымен қолға алынған бастама жастардың әлеуетін ашуға және аймақтың әлеуметтік саласында инновациялық шешімдер жасау дағдыларын дамытуға көмектеседі.


Beginit бағдарламасы Шығыс Қазақстан облысының 10-сынып оқушылары үшін әлеуметтік көшбасшылықтан білім беру курсынан өтуге мүмкіндік береді. Аймақтағы өзекті мәселелерді қарастыратын ғылыми және әлеуметтік жоба жасау кезінде қатысушыларға тәжірибелі бизнес және креативті сала жетекшілері бағыт-бағдар береді. Beginit бағдарламасының финалистері Алматыда ашылатын жаңа инновациялық университетте оқуға грант алады.

 «Oskemen IT Hub аймақтық Astana Hub мәртебесіне ие екенін хабарлайды. Біз Шығыс Қазақстан облысын IT-қауымдастықты дамытудың негізгі ойыншысы ретінде таныстыра алатынымызды мақтан тұтамыз. Біздің басты мақсатымыз – аймақтағы ІТ мамандарының дамуы мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін қолайлы жағдай жасау. Біздің жұмысымыз IT секторына жаңа инвестиция тартуға және өңірімізді жас таланттар үшін тартымды етуге көмектесетініне сенімдіміз. Ниет еткендердің бәрін біздің қауымдастыққа қосылып, жаңа және инновациялық жобаларды жасау үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз», - деді Astana Hub Шығыс Қазақстан облысындағы өңірлік менеджері Дидар Мұратұлы.

 Іріктеу кезеңі мен баспасөз мәслихаты Өскемендегі Қазақстан-Америка  еркін университетінде өтті. Әлеуметтік көшбасшылық бағдарламасы төрт кезеңнен тұрады: аймақтық іріктеу кезеңі, білім беру модулі, жастар лагері және жобалық модуль. Іріктеуден өткен қатысушылар Алматының бөктеріндегі оқу лагеріне барып, Қазақстанның басқа өңірлеріндегі құрдастарымен тәжірибе алмасады.

 «Болашақ әлеуметтік көшбасшыларды іріктеуді сіздердің аймағыңызда аяқтаймыз. Ертеңгі күні Қазақстандағы, бәлкім, тіпті әлемдегі оң өзгерістердің векторын белгілейтін жандарды іздеп, еліміздің түкпір-түкпірін араладық. Жас және дарынды өскемендіктер елде ғана емес, одан тыс жерлерде танылып, көбі кәсіби және мансап мақсатына жетіп жүр. Бүгін біз жас және амбициясы бар жандарға жаңа белестерді бағындыруға, ал кейбіреулер үшін, мүмкін, арманын орындауға тағы мүмкіндік береміз!», - деді Beginit by InDrive жобасының жетекшісі Елена Тропинова.

 Бағдарлама Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтыды. Өңірлерден барлығы 810 өтінім түсті. Іріктеу кезеңінің нәтижесі 11-желтоқсанда жарияланады.

 Beginit by inDrive бағдарламасына қатысу және іріктеу кезеңінен өту сұрақтары туралы +7 705 343 06 12 нөмірі бойынша Ерсайын Қабдрашевқа хабарласуға болады.

Astana Hub – 2018 жылдың 6 қарашасында құрылған Орталық Азиядағы ең ірі IT-стартаптар технопаркі. Astana Hub қызметі ІТ-бизнес үшін экожүйе құруға, ІТ саласындағы таланттарды оқытуға және стартап-жобаларды дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда 1317 IT-компания Astana Hub-тың қатысушысы саналады, оның ішінде 365-інің шетелдік үлесі бар. Олар материалдық инфрақұрылыммен қамтылған,  бизнесті дамыту бағдарламаларына қатысып, арнайы салықтық және визалық режимдерді пайдаланады, ақпараттық-білім беру қолдауына ие.

 inDrive – штаб-пәтері АҚШ-тың Калифорния штаты Маунтин-Вью өңірінде орналасқан көлік саласындағы қызметтерді көрсететін жаһандық платформа. InDrive қосымшасын 175 миллионнан астам қолданушы жүктеген, әлемдегі көлік шақыру бағытындағы ең танымал екінші қосымша болып табылады. Бұдан бөлек, InDrive қалааралық қатынас және жүк тасымалы, курьерлік жеткізу және жұмыс іздеуді қамтитын қызметтер тізімін дамытып келеді. inDrive әлемнің 40-тан астам елінде бар.

 

 

 

 

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

👍👍👍

Жауап беру