«AI & Digital Bridge 2026» форумының қонақтары Байқоңыр ғарыш айлағына барып, «Прогресс МС» көлік-жүк кемесін орбитаға алып шығатын «Союз» зымыран тасығышының ұшырылу сәтін өз көзімен тамашалау мүмкіндігіне ие болады.
Халықаралық технологиялық форумға «General» және «Standard» санатындағы билеттерді сатып алған қатысушылар арасында Байқоңырға жолдама ойнатылады. Бас жүлде жеңімпаз бен оның жанындағы бір серігіне арналған.
Ұтыс ойыны 5 қазан күні өтеді. Жеңімпаз тиісті санаттағы билеттерді сатып алған қатысушылар арасынан «Wheel of Names» сервисі арқылы кездейсоқ таңдау әдісімен анықталады.
Байқоңырға жолдаманы қалай ұтып алуға болады?
Ұтыс ойынына қатысу үшін «AI & Digital Bridge 2026» форумының «General» немесе «Standard» санатындағы билетін сатып алу жеткілікті. Сатып алынған әрбір билет ұтысқа автоматты түрде қатысады, сондықтан қосымша тіркелу талап етілмейді. 5 қазан күні билет иелерінің арасынан кездейсоқ таңдау әдісімен бір жеңімпаз анықталады. Ұтыс иегері Байқоңырға өзімен бірге тағы бір адамды ертіп бару мүмкіндігіне ие болады.
Байқоңырдағы төрт күн және «Союз» зымыранының ұшырылуы
Бұл сапар Cosmo Travel және Rocket Go Travel серіктестерінің қолдауымен ұйымдастырылады және 4 күн, 3 түнге созылады. Бағдарлама аясында жеңімпаздар Байқоңыр қаласымен танысып, ғарыш айлағының нысандарын аралайды, сондай-ақ арнайы танымдық экскурсияларға қатысады.
Сапардың басты оқиғасы – «Прогресс МС» көлік-жүк кемесін орбитаға алып шығатын «Союз» зымыран тасығышының ұшырылуын тікелей Байқоңыр аумағынан тамашалау болмақ.
«AI & Digital Bridge 2026» форумы 1–3 қазан аралығында өтеді.
«AI & Digital Bridge 2026» халықаралық технологиялық форумы 1–3 қазан күндері Астанадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді және «AI Month» айлығының басты шарасына айналмақ. Форум халықаралық технологиялық индустрия өкілдерінің, стартаптар мен инвесторлардың, мемлекеттік сектор мамандарының, сондай-ақ әзірлеушілер мен сарапшылар қауымдастығының басын қосады.
Форум бағдарламасы жасанды интеллект және цифрлық трансформация, технологиялық кәсіпкерлік пен инвестициялар, таланттарды дамыту, Creative Industries, GameDev, сонымен қатар технологиялық көрме, Startup Alley, Astana Hub Battle сияқты маңызды бағыттарды қамтиды.
1 қазан күні жоғары деңгейдегі арнайы бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл күнгі іс-шараларға тек арнайы шақыру қағазымен ғана қатысуға болады. Ал 2–3 қазан күндері форум есігі барлық билет иелері үшін ашық болмақ.
Ұтыс ойынына қатысушылардың назарына:
Тур бағдарламасы тікелей Байқоңыр қаласынан басталады. Байқоңырға барып-қайту жолақысы жүлдеге кірмейтінін ескертеміз. Яғни, жеңімпаз бен оның жанындағы серігі Байқоңыр қаласына дейінгі және кері қайту жолын өздері ұйымдастырып, шығындарын өздері көтереді. Ұтыс ойынына қатысу үшін «AI & Digital Bridge 2026» форумының «General» немесе «Standard» санатындағы билетін сатып алу қажет. Сатып алынған әрбір билет автоматты түрде ұтысқа қатысады.
Ұтыс ойыны 5 қазан күні өтеді.
Билеттерді digitalbridge.ai ресми сайтынан сатып алуға болады. «AI & Digital Bridge 2026» форумының ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub және Астана қаласының әкімдігі. Айта кетейік, бұл ауқымды шара серіктестер мен демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылып отыр және форумды өткізуге қатысты барлық шығын толығымен демеушілер қаражаты есебінен өтеледі.
Форумның алтын серіктестері — Freedom Банкі, Kaspi.kz және «Самұрық-Қазына» АҚ. Күміс серіктесі — Halyk Bank. Transformation Partner — «Beeline Қазақстан», Digital Partner — BI Group, ал Official Airline Partner — Air Astana.