CodiPlay 34 елдің жобалары арасынан жылдың үздік инновациясы атанды
Геймификация көмегімен мектеп оқушыларына бағдарламалаудың қыр-сырын үйретуге маманданған қазақстандық CodiPlay стартабы Лондонда өткен The PIEoneer Awards 2024 халықаралық сыйлығында Digital Innovation of the Year марапатын иеленді.
Байқау барысында 34 ел атынан шыққан жобалар 20 түрлі санат бойынша білім беру технологиялары саласындағы жетістіктерін көрсетті. CodiPlay-дің беделді номинациясындағы жеңісі стартаптың халықаралық алаңда мойындалғанын айшықтайды.
«13 қыркүйекте Лондонда біз білім беру технологиялар саласындағы алыптармен бір алаңда жиналдық. Олардың қатарында Ұлыбританияның University College London, Австралияның RMIT College of Business and Law және Германияның Berlin School of Business and Innovation сынды оқу орындары бар. Біз Қазақстан – инновация қайнары және білім беру технологияларындағы лидері екенін дәлелдей алғанымызды, дәлелдеуді жалғастырып келе жатқанымызды мақтан тұтамыз», – деді Жанәділ Талдыбаев, CodiPlay бас директоры әрі негізін қалаушы.
CodiPlay Лондонда сертификат алып, оқу орындарына білім беру технологияларының үздік шешімдерін таңдауға көмектесетін EdTech Impact платформасына қосылды. Жоба мына нәтижелерге қол жеткізді:
- Білім беру роботтары санатында 1-орын,
- Цифрлық және медиа сауаттылық, дизайн технологиялары санаттарында 4-орын,
- Есептеу техникасы саласында 8-орын,
- Сабақтар мен ресурстар санатындағы стартаптар арасында 15-орын иеленді.
Стартаптың негізгі өнімі – CodiPlay қосымшасы, мұнда балалар C++, Scratch пен Python бағдарламалау тілдерін аркадалық ойындар көмегімен үйренеді. Сонымен қатар жүйеде IoT-жобаларын құруға арналған CodiKit робототехника жинақтары мен мұғалімдерді қолдауға арналған CodiTeach веб-платформасы бар.
Бүгінде CodiPlay Қазақстан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Қатар, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы, Әзірбайжан және Индонезия мектептерінде жұмыс істейді. CodiPlay Astana Hub резиденті қатарына қосылып, акселерация бағдарламасынан өтті. Сондай-ақ Seed Money аясында қаржыландыру алды. Жақында стартап NURIS-тің демеуімен БҰҰ Бас хатшылығының қолдауы бар Digital Public Goods Alliance (DPGA) компаниясының цифрлық қоғамдық игілігі (DPG) мәртебесін иеленді.
Пікірлер 12
Кіру пікір қалдыру үшін
Alizhan Nurgazy · Қыр. 24, 2024 07:39
👏👏👏👏🔥
ДАНИЯР БЕКЕТОВ · Қыр. 20, 2024 20:20
А простой пользователь сможет скачать приложение?
Zhasmina Dybysbay · Қаз. 4, 2024 09:51
Мне кажется, можно, но вопрос уже к контенту
Саин Абельсеитов · Қыр. 20, 2024 15:19
Круто
Alexandr Timofeyev · Қыр. 20, 2024 11:40
Круто 👍
Адам Тангиев · Қыр. 20, 2024 10:39
огонь
Zhasmina Dybysbay · Қыр. 20, 2024 09:31
Congrats 🎉
Arman Zhalgasbayev · Қыр. 20, 2024 08:30
Congratulations to the CodiPlay team 👏
Наталья Агишева · Қыр. 19, 2024 22:59
👍👍👍👍👍👍👍👍👍
Наталья Агишева · Қыр. 19, 2024 22:59
👍👍👍👍👍👍👍👍👍
Laura Meir · Қыр. 19, 2024 18:26
Супер!
Lain Iwakura · Қыр. 19, 2024 18:21
👍🔥