Жобаның тарихында алғаш рет Decentrathon шарасының салтанатты ашылуы Шымкент қаласында Digital Qazaqstan алғашқы ұлттық технологиялық форумы аясында өтті. Бұл алаң өңірлерді цифрлық және AI-трансформация төңірегінде біріктіретін жаңа ұлттық платформа ретінде іске қосылған болатын.
Decentrathon-ның бесінші маусымына 5 500-ден астам қатысушы және 2 300-ден астам команда жиналды. Хакатон қорытындысында жасанды интеллект пен блокчейн бағыттары бойынша 500-ден астам технологиялық шешім ұсынылды. Бұл көрсеткіштер жоба тарихындағы рекорд болып, Decentrathon-ның өңірдегі жас әзірлеушілер, стартап-командалар мен технология мамандары үшін ең ірі алаңдардың біріне айналғанын көрсетті.
«Decentrathon 5.0 біз үшін тек рекордтық хакатон ғана емес, технологиялық жарыстар мәдениетінің қай бағытқа бет алғанын көрсеткен маңызды белгі болды. Бүгінде бұл — бірнеше күн ішінде болашақ стартап логикасына, нақты нарыққа және AI негізіндегі технологиялық өзекке ие жобалар пайда болатын алаң. Сондықтан біз Decentrathon-ның келесі кезеңдерін тек шешімдер жарысы емес, технологиялық жүйелердің бәсекесіне өтетін жаңа деңгей ретінде қарастырамыз. Болашақта командалар тек прототип емес, өз бетінше әрекет етіп, шешім қабылдай алатын, бір-бірімен бәсекелесіп, нақты ортада нәтиже көрсете алатын автономды AI-агенттерді іске қосады», – деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.
Биыл хакатон екі негізгі бағыт бойынша өтті: AI және Blockchain. Блокчейн бағыты бойынша Solana National Hackathon powered by Decentrathon ұйымдастырылып, жүлде қоры 20 000 АҚШ долларын құрады. AI бағыты бойынша inDrive тректерінің жүлде қоры 10 000 000 теңге, ал alem plus трегінің жүлде қоры 2 500 000 теңге болды.
Блокчейн бағыты Solana National Hackathon powered by Decentrathon ретінде өтіп, оның серіктесі Superteam KZ болды. Қатысушылар екі трек бойынша жұмыс істеді: Tokenization of Real-World Assets және AI + Blockchain: Autonomous Smart Contracts.
Бірінші тректе командалар нақты активтерді токенизациялау, цифрлық меншік пен құндылықты есепке алу және беру модельдерін дамытуға арналған шешімдер жасады. Екінші тректе жасанды интеллект пен блокчейннің тоғысуы зерттеліп, автономды смарт-келісімшарттар мен деорталықтандырылған технологияларды қолданудың жаңа сценарийлері қарастырылды.
«Decentrathon 5.0 өңірлік технологиялық экожүйенің жетілгенін көрсетіп отыр. Біз блокчейнді қолданудың нақты сценарийлеріне қызығушылықтың артып келе жатқанын байқаймыз — бұл тек токенизация ғана емес, сонымен қатар AI-мен интеграция. Superteam KZ үшін мұндай бастамалар жаһандық деңгейде жұмыс істей алатын мықты әзірлеушілер қауымын қалыптастырады, және біз олардың Solana экожүйесінде дамуын қолдауды жалғастырамыз», – деді Superteam KZ жетекшісі Талғат Досанов.
AI бағытының негізгі серіктесі inDrive болды. Олар екі трек ұсынды. Біріншісі — inVision U университетіне студенттерді іріктеуге арналған AI/Data-driven шешім әзірлеу. Қатысушылар өтінімдерді талдау, іріктеу процесін жақсарту және перспективалы кандидаттарды анықтауға көмектесетін құрал жасауы тиіс болды.
Екінші трек мемлекеттік сектордағы маңызды міндеттерді AI арқылы шешуге арналды. Бұл бағытта командалар мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру, деректерді талдау, процестерді автоматтандыру және AI құралдарын енгізу бойынша шешімдер әзірледі.
«Decentrathon біз көргіміз келген нәрсені көрсетті: қатысушылар тапсырмаларға тек технологиялық жаттығу ретінде емес, нақты өнім ретінде қарады. Командалар идеяға AI-ды жай ғана қосумен шектелмей, сенімділік пен ашықтық сияқты мәселелерді ойлады. Финалда ең мықты жобалар арасындағы айырмашылық өте аз болды, бұл деңгейдің жоғары екенін көрсетеді. inDrive үшін ең маңыздысы хакатон презентациямен аяқталмады: үздік шешімдерді біз нақты пилоттық жобаларға айналдыру мүмкіндігі ретінде қарастырып отырмыз», – деді inDrive техникалық директоры Юрий Мисник.
alem.plus трегі де жеке AI бағыты ретінде өтті. Мұнда қатысушылар платформа құралдарын пайдаланып өз AI жобаларын әзірледі: жұмыс процестерін автоматтандырудан бастап, жаңа цифрлық сервистер мен өнімдер жасауға дейін.
Decentrathon 5.0 нәтижесінде әртүрлі елдер мен қалалардан келген командалар жеңімпаз атанды.
AI бағыты бойынша (inDrive трегі): LA, Казачи Капай, Core 2 Duo, Specimen AI, DataNomads және AInsomnia командалары үздік нәтиже көрсетті (Астана, Алматы, Өскемен).
alem.plus трегінде Butaq, INSPIRO, Level up map командалары жеңімпаз атанды (Алматы, Қарағанды, Тараз).
Solana National Hackathon powered by Decentrathon жеңімпаздары: Node Runners, Cryptonite, Zerde, Claude Opus, alem жив және EVEREST. Олар Tokenization of Real-World Assets және AI + Blockchain: Autonomous Smart Contracts бағыттарында жобалар әзірледі (Астана, Алматы, Петропавл, Ақтау, Павлодар).
Іске қосылған сәттен бері Decentrathon өңірлік хакатоннан ұлттық технологиялық платформаға айналып, мыңдаған қатысушыны, жетекші IT-компанияларды, мемлекеттік ұйымдарды және халықаралық қауымдастықты біріктірді. Decentrathon 5.0 бұл дамудың жаңа кезеңі болды: рекордтық қатысушылар саны, гибрид формат, 6 елден командалардың қатысуы және серіктестердің нақты тректері хакатонның тек жарыс емес, таланттарды табу мен нақты секторға шешім ұсынатын толыққанды экожүйеге айналып келе жатқанын көрсетті.