Сапар бағдарламасы Технологиялық серпіліс мұражайын аралаудан басталды. Онда қонақтарға жасанды интеллект технологияларының қалыптасу кезеңдері және олардың түрлі салаларға әсері таныстырылды. Бұдан кейін делегация AI Cinema кеңістігінде болып, заманауи жасанды интеллект негізінде жасалған иммерсивті шешімдерді тамашалады. Сондай-ақ қонақтар робототехника аймағын көріп шықты.
Кездесу барысында Astana Hub халықаралық инновациялық кластерінің негізгі қызмет бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға арналған экожүйені дамыту және стартаптарды жаһандық нарыққа шығаруға жағдай жасау мәселелері сөз болды. Сонымен қатар alem.ai орталығының Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытудағы маңызды рөлі атап өтілді.

Сапардың маңызды нәтижелерінің бірі — «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасы аясындағы ынтымақтастыққа қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы болды. Құжатта бірлескен бастамаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу және нақты әріптестік бағыттарын пысықтау жөніндегі ортақ мүдде көрсетілген. Тараптар серіктестікті нығайтудың маңызын атап өтіп, заманауи цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
Aleria делегациясының сапары Қазақстанның цифрлық экожүйесіне шетелдік компаниялардың қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетіп, халықаралық әріптестікті кеңейту жолындағы маңызды қадам болды.