Олар еліміздегі цифрландыру, жасанды интеллект және инновация бағытындағы негізгі жобалармен танысты.

Алдымен қонақтар Технологиялық серпіліс мұражайын аралап, жасанды интеллектінің қалай дамығанын және оның әртүрлі салаларға әсерін көрді. Кейін AI Cinema алаңында заманауи технологиялар арқылы жасалған көрнекі жобалар көрсетілді. Сондай-ақ робототехника аймағы мен стартаптар аймағында қазақстандық мамандардың әзірлемелері таныстырылды.
Делегация білім беру саласына да ерекше назар аударды. Олар TUMO Astana мен Tomorrow School орталықтарына барып, оқушылар мен жастарға цифрлық және инженерлік дағдыларды қалай үйретіп жатқанын көрді. Сонымен бірге жасанды интеллектіні мемлекеттік басқару саласына енгізу туралы бастамалар таныстырылды.

Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев халықаралық инновациялық кластердің жұмысы туралы айтып, стартаптарға қолдау көрсету және оларды халықаралық нарыққа шығару үшін жасалып жатқан жағдайларды түсіндірді. Ол alem.ai орталығының елде жасанды интеллектіні дамытудағы рөлі маңызды екенін атап өтті.
Сапар барысында қазақстандық ІТ-компаниялар да өз жобаларын таныстырды:
– Smartestprep – шетелдік талапкерлерге университетке түсуге көмектесетін платформа
– Qala AI – «ақылды қала» шешімдерін жасайтын стартап
– Cerebra – инсультті анықтауға арналған бағдарлама

Бұл сапар әлемдік ірі технологиялық компаниялардың Қазақстанды жасанды интеллектіні дамытуға қолайлы орын ретінде назар аудара бастағанын көрсетті.