Үндістаннан келген делегация Astana Hub-пен танысты

Қазақстанның Телангана және Андра-Прадештегі құрметті консулы доктор Наваб Мир Насир Али Хан Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінде болды.


Кездесуге NEOlabs India компаниясының өкілдері Д-р Дивья Редди, Радж мырза, ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, Astana Hub дамыту және экспорт жөніндегі басқарушы директоры Абай Әбсамет қатысты.

Сапар аясында қонақтарға технопарк бойынша экскурсия өткізіліп, Қазақстанның IT-экожүйесі, технопарктің қызметі және IT-стартаптардың жетістіктері туралы айтылды.

Сонымен қатар, тараптар IT-саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Қазақстанға ірі халықаралық технологиялық компанияларды тарту мүмкіндігі қарастырылды. Бұл IT нарығына сараптама әкелетіні, сондай-ақ отандық IT-мамандарды жұмысқа орналастыру және тәжірибе алмасу арқылы елдегі адами капиталдың сапасын арттыруға ықпал ететіні атап өтілді. Бұл әлемдік Big Tech компаниялары үшін озық және перспективалы IT-хаб ретінде Орталық Азия өңірі тартымдылығының өсу драйверіне айналады.

Сондай-ақ, кездесуде ҚР Білім беру бағдарламаларына қатысу үшін Үндістанның озық АТ-мектептерін тарту мүмкіндігі талқыланды. Қазақстандық стартаптарға ірі ІТ-компанияларда хакатондар, сертификаттау курстарын, тағылымдамалар өткізу ұсынылатын болады.

Astana Hub мен Үндістанның ең ірі IT-хабы T-Hub арасындағы IT-саласындағы адами капиталды дамыту саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл үшін Үндістан тарапы инкубация, акселерация және корпоративтік инновациялар бағдарламасын іске қосу мәселесін қарастыруды, стартаптардың тәлімгерлігін ұйымдастыруды ұсынды.

Айта кетейік, Үндістан бүгінде жаһандық инновациялар индексінің жетекші елдерінің тізіміне кіреді. Хайдарабадта орналасқан T-Hub-Үнді инновациялық экожүйесінің орталығы және әлемдік IT саласындағы жаһандық ойыншы. Оның серіктестері-Microsoft, Oppo, Samsung, Facebook және басқа да ірі компаниялар.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін