Кездесу «Болашақ туралы сөйлесейік: цифрлық Қазақстандағы демографиялық тұрақтылық» тақырыбында өтіп, жастар әлеуетін дамыту, цифрлық трансформация және технологиялардың тұрақты болашақты қалыптастырудағы рөліне арналды.
Сапар бағдарламасы alem.ai орталығындағы Сингулярлық музейінен басталды. Делегацияға жасанды интеллектті, цифрлық дағдылар мен адами капиталды дамытуға бағытталған орталықтың негізгі технологиялық бастамалары мен білім беру жобалары таныстырылды. Экскурсия барысында қатысушылар жаңа технологиялардың қоғамға ықпалы мен жастардың жаһандық цифрлық күн тәртібін қалыптастырудағы рөлін талқылады.
Одан кейін кездесу Astana Hub алаңында жастар көшбасшылары, халықаралық ұйымдар өкілдері және экожүйе серіктестерінің қатысуымен жалғасты. Ашық диалог аясында жастардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуын кеңейту, жастар квоталарын дамыту, өңірлік ынтымақтастықты нығайту және Орталық Азиядағы жаңа бастамаларды қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Кездесуде Қазақстанның өңірдегі цифрлық трансформация орталықтарының бірі ретіндегі әлеуетіне, сондай-ақ инновацияларды, технологиялық кәсіпкерлікті және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында қатысушылар жастарды цифрлық өзгерістер үдерісіне тарту мен технологиялар және тұрақты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызын атап өтті. Іс-шара Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өтті.