«Башинформсвязь» ПАҚ делегациясы Astana Hub-қа сапармен келді
Кездесу барысында екі республикада цифрландыру жобаларын жүзеге асырудағы әлеуетті ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде Башқұртстанға қазақстандық шешімдердің IT-экспорты мәселелері талқыланды.
«Astana Hub – Орталық Азиядағы ең ірі технопарктердің бірі. Бүгінгі таңда біздің резиденттеріміз – 558 компания, оның 54-і шетелдік. Біз шетелдік IT-компаниялар үшін салықтық және визалық преференцияларды, қазақстандық IT нарығындағы даму бағдарламалары аясында тегін жұмыс орындарын, акселерация бағдарламаларын, IT-стартаптарды инкубациялау және қаржыландыруды, сондай-ақ IT-қызметкерлерін оқытуды ұсынамыз. Біз «Башинформсвязь» ПАО-мен және жалпы Башқұртстанның IT нарығымен ынтымақтастыққа ашықпыз», - деді Astana Hub басқарушы директоры Абай Әбсамет.
«Башинформсвязь» ПАО – штаб-пәтері Уфада орналасқан ресейлік телекоммуникациялық компания, «Ростелекомның» еншілес кәсіпорны. Компания әртүрлі B2B және B2G шешімдерінің көрмесін ұсынады. Олардың VR өнімдері мен агроөнеркәсіптік сектордағы цифрландыру шешімдері ерекше қызығушылық тудырады. «Башинформсвязь» ПАҚ бас директоры Сергей Нищев технопаркпен одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін