Таныстыру орталықтағы музейді аралаудан басталды. Онда жасанды интеллект технологияларының даму кезеңдері мен олардың түрлі салаларда қолданылуы көрсетілді. Бұдан кейін делегация AI-кинотеатрға барып, заманауи ІІ технологиялары негізінде жасалған иммерсивті шешімдер мен көрнекі жобаларды тамашалады.

Сапар барысында Astana Hub халықаралық инновациялық кластерінің басты бағыттары таныстырылды. Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев технологиялық кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыру, стартаптардың дамуына және олардың жаһандық нарыққа шығуына жағдай жасау жұмыстары туралы айтып берді. Сондай-ақ ол alem.ai орталығының Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытудағы маңызын атап өтіп, оның мамандар даярлау мен инновациялық шешімдер әзірлеуге қосып отырған үлесін ерекше айтты.
Кездесу аясында қазақстандық IT-компаниялар мен стартаптар да таныстырылды. Атап айтқанда:
binY.co – жүк тасымалы мен логистиканы цифрландыратын, нарықты ашық әрі тиімді ететін платформа.
WeGlobal AI – жасанды интеллектіге негізделген, мамандық таңдауға көмектесетін және психологиялық қолдау көрсететін жеке платформа мен мобильді қосымша.
Mirai Tech – биомеханиканы зерттеуге арналған портативті ЖИ-зертхана әзірлеген deeptech-стартап.
Cerebra – инсультті анықтауға арналған бағдарламалық шешім.

Сонымен қатар, Сингапур делегациясы TUMO Astana білім беру орталығында болды. Бұл 12–18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған, іріктеусіз қабылдайтын және халықаралық әдістемеге негізделген тегін білім беру алаңы. Мұнда оқушылар техникалық және шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Қонақтар сондай-ақ Tomorrow School жасанды интеллект мектебіне барды. Бұл Astana Hub бастамасымен ашылған, Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer форматындағы ЖИ мектебі. Ол француз бағдарламашысы әрі педагог Николя Садирак әзірлеген 01 Edu платформасы негізінде жұмыс істейді. Мектеп студенттері 50-ден астам жобаны меңгеріп, Golang, Rust, JavaScript және Python сияқты 20-дан астам бағдарламалау тілін оқиды.
Сингапур делегациясының бұл сапары Қазақстан мен Сингапур арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға серпін беріп, еліміздің жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер саласындағы өңірлік орталыққа айналу әлеуетінің жоғары екенін көрсетті.