Қонақтар қатарында Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның сауда-өнеркәсіп палаталарының президенттері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа төрағасы мен Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев, сондай-ақ Түркі инвестициялық қорының басшылығы болды.
Сапар барысында Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев халықаралық инновациялық кластердің негізгі қызмет бағыттарын таныстырды. Атап айтқанда, Қазақстанның IT-экожүйесін дамыту, технологиялық кәсіпкерлерді қолдау және стартаптарды халықаралық нарықтарға шығаруға жағдай жасау мәселелері сөз болды.
Тараптар alem.ai орталығының инфрақұрылымымен, білім беру және зерттеу бастамаларымен, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы жобалармен танысты.
Кездесу аясында Kazdream, TSARKA, inDrive, CodiPlay және ARLAN BIOTECH секілді қазақстандық IT-компаниялар мен стартаптардың таныстырылымына ерекше назар аударылды. Олар цифрландыру, киберқауіпсіздік, EdTech, биотехнологиялар және технологиялық сервистер бағытындағы шешімдерін ұсынды.
Сапар Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы технологиялар, инновациялар және цифрлық экономика салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жұмыстың бір бөлігі болды.