Делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қарсы алды. Кездесу министрліктегі келіссөздерден басталып, онда тараптар цифрлық экономика, көлік, энергетика және сауда салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ жоғары технологиялар үшін кадр даярлау бағыттары бойынша ынтымақтастықты талқылады. Әсіресе жасанды интеллектіні дамыту мен озық технологияларды енгізу саласындағы әріптестікті нығайтуға ерекше назар аударылды.
Бағдарламаның жалғасы alem.ai орталығында өтіп, қонақтарға Сингулярлық мұражайы, AI Cinema алаңы, «Самұрық-Қазына» қолдауымен жүзеге асырылатын салалық ЖИ шешімдері және USTEM Foundation ұсынған робототехника жобалары таныстырылды.
Бұл сапар Қазақстандағы жасанды интеллект экожүйесін дамыту жұмыстарының жалғасы болды. Осы бағытта Astana Hub халықаралық инновациялық кластері ерекше рөл атқарады. Astana Hub alem.ai-мен бірге AI жобаларына қажетті инфрақұрылымды қалыптастырып, сала бойынша кадрлар дайындап, халықаралық технологиялық ынтымақтастықты нығайтып келеді.