Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев депутатқа хабтың экожүйесін және оның негізгі бағыттарын таныстырды. Атап айтқанда, IT-мамандар даярлау, технологиялық стартаптарды қолдау және оларды халықаралық нарықтарға шығару тетіктері сөз болды.
Кездесу аясында Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer форматта жұмыс істейтін Tomorrow School жасанды интеллект мектебіне ерекше назар аударылды. Мектеп француз бағдарламашысы әрі педагогі Николя Садирак әзірлеген 01 Edu әдістемесі негізінде жұмыс істейді. Мұнда болашақ IT-мамандар Python, JavaScript, Golang және Rust тілдерін қоса алғанда, 20-дан астам бағдарламалау тілін меңгереді. Білім ордасында оқу толығымен тегін.

Сондай-ақ депутатқа Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде табысты жұмыс істеп жатқан жобалар таныстырылды. Олардың қатарында:
Smartestprep – шетелдік студенттердің әлем университеттеріне түсуіне арналған «барлығы бір жерде» қағидатымен жұмыс істейтін жасанды интеллект платформасы;
Ustem Foundation – Қазақстан мен Орталық Азияда STEM-білім беруді дамытуға бағытталған қоғамдық қор;
TrustExam – емтихандар мен сертификаттауды цифрлық форматта бақылау жүйесі;
inDrive – жаһандық көлік және қалалық сервистер платформасы.

Қазіргі таңда Astana Hub кластерінде 2000-нан астам IT-компания тіркелген, оның ішінде 490-нан астамы шетелдік қатысуы бар компаниялар. Қатысушылар салық және визалық жеңілдіктерге, бизнесті дамыту бағдарламаларына, білім беру қолдауына және заманауи инфрақұрылымға қол жеткізеді.
Astana Hub мемлекет, бизнес және технологияны бір экожүйеде тоғыстыра отырып, өңірдегі цифрлық инновациялардың негізгі қозғаушы күшке айналып отыр.