Digital Almaty 2025 әлемнің түкпір-түкпірінен 40 мыңнан астам қатысушыны жинайды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында алдағы Digital Almaty 2025 туралы баспасөз конференциясы өтті. Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов атап өткендей, жылдың ең ірі цифрлық оқиғасы – Digital Almaty 2025 VII халықаралық форумының басталуына бір апта ғана қалды.


Digital Almaty 2025 өнеркәсіптегі серпінді өзгерістері мен AI-дың жаһандық индустрия болашағына әсеріне арналған. AI технологиялары өндіріс процестерінің тиімділігі, қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негізгі драйверіне айналуда. Екі күндік цифрлық іс-шараға 40 мыңнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

«Digital Almaty 2025 форумы – BigTech компанияларын халықаралық ЖИ орталығына тартуға арналған тамаша алаң. Ол жыл сайын өткізіледі, бұл  жетінші Digital Almaty. Форум жеке инвестициялар қаражаты есебінен жүргізіліп жатқанын атап өту маңызды»,  –  деді Ғиззат Байтұрсынов.

Digital Almaty-ға тікелей қатыса алмағандардың барлығына алғаш рет ерекше виртуалды көрме ұсынылады. Көрмеге апаратын сілтеме almatydigital.kz ресми сайтында орналастырылады.

VII Digital Almaty AI-ды өнеркәсіптік экожүйелерге, экономика мен қаржыға, ESG, медицина, білім беру және киберқауіпсіздікке интеграциялау тақырыптарын ашатын ауқымды іскерлік бағдарламаны ұсынады.

Astana Hub басқарушы директоры Дания Ахметова  форум бағдарламасы жайлы айтып берді.

Форум аясында ЕАЭО елдері премьер-министрлерінің пленарлық отырысы өтеді. Биыл форумға Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Иран үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия басшылары жиналады. Кейін дәстүрлі Digital Awards 2025 сыйлығы беріледі.

«Форумда Astana Hub-тың AI Movement бастамасы аясындағы қорытындылар шығады, сондай-ақ first Tech Challenge республикалық кезеңі өтеді, мұнда мектептің үздік 24 командасы Digital Ministry Cup үшін жарысады. Форумның басты оқиғаларының бірі Industry AI Battle өтеді — AI мен цифрлық трансформация саласындағы стартаптар шайқасы. Қатысушылар форум серіктестерінің гранттарымен қоса $60 000 жүлде қоры үшін бақ сынайды», – деді Дания Ахметова. 

Ал дәстүрлі стартаптар аллеясы 80 халықаралық инновациялық жоба ұсынады, бұл мыңдаған қонақ пен инвесторларға жаңа идеялар туралы білуге мүмкіндік береді. "Индустрия X" аймағында қазақстандық технологиялық компаниялар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда іске асырылған табысты жобаларын ұсынады. АҚШ, Ресей, Беларусь, Тәжікстан және Ираннан келген отандық жер қойнауын пайдаланушылар мен технопарктер панельдік сессиялар аясында жасанды интеллект өндірістік процестерде қалай қолданылатынын айтып береді.

Биыл форумға Ричард Стирлинг (CEO Oxford Insights), Эндрю Ын (DeepLearning.AI негізін қалаушы), Ян Лекун (Тьюринг сыйлығының лауреаты), Каан Терзиоглу (VEON тобының бас атқарушы директоры), Тодзю Дюк (Bedrock AI және Diverse AI компанияларының негізін қалаушы және бас директоры), Ник Давыдов (венчурлық инвестор, DVC қорының негізін қалаушы және серіктесі), Йорам Вийнгаарде (Dealroom компаниясының негізін қалаушы және CEO), сондай-ақ IT және технологиялар саласындағы басқа да жетекші компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысады.

Естеріңізге салсақ, Digital Almaty ұйымдастырушылары – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және Astana Hub («Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ).

Форум 2025 жылдың 31 қаңтары мен 1 ақпан аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» көрме кешенінде өтеді.

Пікірлер 6

Кіру пікір қалдыру үшін

✌️✌️✌️✌️

Жауап беру

✌️✌️✌️

Жауап беру

👏👏👏

Жауап беру

👏👏👏

Жауап беру

прекрасно, очень рад что у нас идут такие процессы.

Жауап беру