Digital Bridge 2022: GovTech-бастамалар мемлекеттік қызметтер деңгейін қалай көтермек?

Digital Bridge 2022 Халықаралық форум аясында қазақстандық IT саласының көшбасшылары панельді сессияға қатысты. Сарапшылар елде цифрландыруды дамытуға қатысты идеялар ұсынды.


Астанада технология, бизнес және креатив экономикаға бағытталған жыл сайынғы Digital Bridge форумы өтті. Қазақстандық технопарктер Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысқан панелді сессияда GovTech саласындағы IT-жаңалықтарды көрсетті. Бұл тың инновациялар халықтың мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі тиімді алуына көмектеседі.

Панельді сессия тақырыбы – «Қазақстандағы GovTech дамуы: бизнеспен коллаборация». GovTech ұғымы мемлекет, стартап және инновациялық компаниялардың жаңа технологиялар арқылы мемлекеттік қызмет пен өнімдерді цифрландыратын бағытын білдіреді. Сессия барысында мемлекеттік қызметтерді Қазақстан азаматтарына қолжетімді ету мәселесіне ерекше назар аударылды.

«Smart Bridge порталы пайда болғалы, GovTech қарқынды түрде дами бастады. Осылайша мемлекет бизнеске деректердің қолжетімдігін қамтамасыз етеді. Банк қосымшаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер елде FinTech-тің таралуымен тікелей байланысты. Бұл азаматтар үшін өте тиімді, себебі енді біршама платформадан ақпарат алуға тіптен оңай болды», - деді министр Бағдат Мусин.

Қазақстанда GovTech бағыты банк секторында белсенді түрде енгізіліп жатыр. Мемлекет пен бизнес бірлестігі арқасында дәстүрлі қызмет көрсету онлайн форматқа ойысып, халық үшін тиімді әрі қолжетімді болып келеді. Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушыларының бірі Михаил Ломтадзенің айтуынша, компания осындай қызметтерін одан әрі жетілдіруді жалғастырады.

Бұндағы мақсат – азаматтардың цифрлы технологияларды толықтай қолдануына барынша жағдай жасау. 2022 жылдың алғашқы 8 айында 8,5 миллион қазақстандық Kaspi.kz қосымшасында мемлекеттік қызметтер бойынша операция жасаған.

«Қазақстандықтардың өмірін жақсартатын инновациялық өнімдерді шығару - Kaspi.kz-тың басты миссиясы. Ел мүддесін ойлап еңбек еткен кезде ғана компанияны дамытуға болады деген позияцияны ұстанамыз. Kaspi.kz – нағыз Қазақстанда жасалған өнім, бұл мақтанарлық жайт. Елімізде бар сервисті әлемнің басқа жерінде таба алмайсыз! Еліміздің азаматтарын заманауи, жеңіл әрі ыңғайлы онлайн сервиспен қуантудан талмаймыз», - деді Михаил Ломтадзе.

Сонымен қатар панельді сессияда жылжымалы мүлікті сатып алу тақырыбы талқыланды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин Blockchain технологиясының дайындығы туралы мәлімдеді.

«Барлық алып-сату келісімнің кез келген кезеңінде әділ өтілуін қамтамасыз ету үшін, блокчейн инфрақұрылымы әзірленді. Енді қазақстандықтар қажет келісімшарттарды Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінбей, онлайн тіркей алады. Сондай-ақ, Қазақстан банкілерімен бірігіп жасалған Цифрлық ипотека жобасы бойынша 36 мың жылжымалы мүліктің кепілі тіркелді. Тіркеу уақыты – 3 сағат, бұл ХҚО-лар жұмысын 5 есе жеңілдетеді. Жемқорлық жолын болдыртпау мен азаматтардың 169 млн теңгені үнемдегенін жаңашылдықтың басты артықшылықтары деп санаймыз», - деп толықтырды ол.

Бұдан бөлек, сессияға BI Group холдингіні басшылар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов, Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова және «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қатысты.

Digital Bridge халықаралық форумы Астана қаласында 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл форумның бағдарламасы аясында 45 панельдік сессия,  технопарктер көрмесі, ІT-стартаптар аллеясы, IT-мектептер көрмесі, IT-вакансиялар жәрмеңкесі,  Astana Hub Battle жарысы қарастырылған.

Ұйымдастырушылар - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласы әкімдігі мен Astana hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі.

Форумның бас демеушісі – Kaspi.kz. Демеушілер мен серіктестер - Казахтелеком, Freedom bank, Tengizchevroil, My Car, Tech culture, Huawei, G42, Halyk Bank, Bigroup, Prime source, Glovo, SF, Leica, BI Group, OneWeb, Citix.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін