Digital Bridge 2023: стартаптар мен ірі компаниялар Pitching Zone-да one-to-one кездесу өткізеді

12-13 қазанда Астанада өтетін Digital Bridge 2023 ірі IT форумы аясында стартаптарға ірі, орта бизнес және мемлекет өкілдерімен кездесуге мүмкіндік беретін Pitching Zone шарасы болады деп күтілуде.


Pitching Zone – стартаптар үшін өз жобаларын таныстырудың, түрлі салалардағы ірі корпорациялардың өкілдерінен кері байланыс алудың және әлеуетті ынтымақтастықты талқылаудың бірегей мүмкіндігі. Кездесулер speed networking форматында әрқайсысы 5 минуттан өтеді, бұл барынша тиімді ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

"Pitching Zone шарасына телеком, ақылды қала, тасымал, құрылыс, банк, мұнай және газ, электронды коммерция секілді салалардағы компаниялардың өкілдері жиналады. 50-ден астам стартап оларға дайын шешімдерді ұсынады. Бизнестің жасанды интеллектке сұранысы артып келе жатқанын атап өткім келеді, сондықтан өз жобаларына AI-ді сәтті кіріктірген стартаптарға қызығушылық ерекше", - деді Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев.  

 Компания өкілдері IT-стартаптардың қысқаша презентациясын тыңдап, бизнесті жақсартуға және нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға көмектесетін заманауи технологиялармен таныса алады. Ал, стартаптар өз өнімдерін таныстырып қана қоймай,   ынтымақтастық пен инвестиция мүмкіндігін талқылай алады.

Стартаптар пулы әлеуетті серіктестермен және олардың жобаларына қызығушылық танытқан инвесторлармен кездесу мүмкіндігін беретін технологиялық сұраныс негізінде құрылады.

Естеріңізге сала кетейік, Digital Bridge халықаралық IT форумы 2018 жылдан бері Астанада жыл сайын өткізіліп келеді. Биылғы форумның негізгі тақырыбы қазіргі әлемдегі жасанды интеллектің рөлін талқылау - Artificial and Human Intelligence: The right balance.

«Digital Bridge 2023» дәстүрлі түрде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, әлемдік компаниялардың жетекшілерінің, ІТ-инновациялар саласындағы үздік халықаралық және отандық сарапшылардың және өңірдің венчурлық инвесторларының қатысуымен өтеді. Digital Bridge 2023 алаңында 20 000-нан астам қатысушы, 300+ IT-компания, 100+ инвестор мен бизнес-періште, 250+ спикер және 15+ елден 100+ стартап жиналады деп күтілуде.

Digital Bridge 2023 ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық технопаркі.

 

Пікірлер 7

Кіру пікір қалдыру үшін

Будем ожидать интересных и инновационных идей на этой площадке!

Жауап беру

Круто

Жауап беру

Этот формат speed networking обещает быть эффективным для обмена идеями и получения обратной связи.

Жауап беру

классно

Жауап беру

классно

Жауап беру

отлично

Жауап беру

Как подать заявку на разработку изобретения в Казахстане 87076798577 Болатхан

Жауап беру