Іс-шараны Astana Hub Level Up білім беру бағдарламасы аясында UNICEF және ҚБТУ GameLab-пен әріптестікте ұйымдастырды. Жоба аймақтардағы IT-қауымдастық үшін GameDev индустриясын дамытуды көздейді.
«Жастарға қажетті дағдылар мен білім беріп, олардың мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, аймақтық STEM-қауымдастық пен технологиялық индустрияның дамуына үлес қосамыз. Олар жасаған ойындар Қазақстанда ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде адамдарды оқытып, шабыттандыруға мүмкіндік береді», – деді Летисия Баззи-Вейл, Қазақстандағы UNICEF өкілінің орынбасары.
«Биыл маусым айында еліміздің 3 аймағында GameDev орталықтары ашылып, 11 аймақта Level Up білім беру бағдарламалары іске қосылды. Жұмыстың тиімділігін ескеріп, UNICEF-пен бірлесіп аймақтық менеджерлерге GameDev негіздері бойынша тренинг өткізуді ұйғардық. Қатысушылар идеядан бастап финалдық өнімге дейін ойын әзірлеуді жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру дағдыларын меңгерді. Сондай-ақ бағдарламаның сәтті жүзеге асырылуында маңызды рөл атқаратын көпсалалы топтарда жұмыс істеу тәжірибесін игерді», – деді Дания Ахметова, Astana Hub басқарушы директоры.
Қазақстан өңірлерінде стартап-мәдениетті дамыту – Astana Hub қызметінің басым бағыттарының бірі. Бір жарым жыл ішінде ҚР ЦДИАӨМ, жергілікті әкімдіктер және жеке серіктестердің қолдауымен 15 өңірлік IT-хаб ашылды. Жыл соңына дейін Атырау, Петропавл және Жаңаөзенде тағы 3 орталықты іске қосу жоспарланып отыр. Бұл стартаптар мен IT-бастамаларға ресурстар мен қолдауды жақындатып, еліміздегі инновациялық экожүйенің дамуына ықпал етеді.