Ынтымақтастықтың негізгі бағыты – Astana Hub қатысушылары үшін жаңа буындағы скоринг моделін әзірлеу. Дәстүрлі әдістерден айырмашылығы, бұл модель тек қаржылық көрсеткіштерді ғана емес, сонымен қатар өнімнің даму деңгейін, команда құзыретін, нарықтағы өзгерістерді және зияткерлік меншікті қорғау деңгейін қамтитын қаржылық емес факторларды да ескереді. Модельдің негізінде zypl-дің AI қозғалтқышы жатыр, ол дәстүрлі тәсілдер байқамайтын мінез-құлық үлгілерін, нарық сигналдарын және команда динамикасын талдай алады. Бұл бағалауды неғұрлым дәл, түсінікті және субъективтіліктен тәуелсіз етеді.
«zypl Holding LTD-пен меморандумға қол қою – Astana Hub-та стартаптарды қолдау құралдарын дамытудағы және Қазақстанның инновациялық экожүйесін нығайтудағы маңызды қадам. Біз стартаптардың өсуіне жағдай жасап, олардың технологиялық бизнеске сай қаржыландыруға қол жеткізуіне жұмыс істеп келеміз. Жасанды интеллект негізіндегі скоринг пен баламалы деректер жобаларды дәлірек бағалап, серіктестер үшін тәуекелдерді азайтады», – деп атап өтті Astana Hub басқарушы директоры Назгүл Байтемирова.
Ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты – баламалы деректерді жинау құралдарын дамыту. Бұл API-интеграциялар мен түрлі цифрлық шешімдер арқылы шағын және орта бизнес туралы кең ауқымды ақпарат жинауды көздейді. Жиналған деректер қаржы институттарына кредиттік шешім қабылдауда қосымша ресурс ретінде ұсынылады, бұл ретте дербес деректерді қорғау талаптары толық сақталады.
«Жасанды интеллект – біздің қызметіміздің өзегі. Біздің модельдер тек деректерді өңдемейді, олар дәстүрлі құралдар тек тәуекел деп бағалайтын жерде әлеуетті көре алады. Astana Hub-пен бірге біз бұл мүмкіндікті стартаптарды қаржыландыру шешімдері қабылданатын нақты жерде қолданамыз», — деді zypl компаниясының Орталық Азия және ТМД бойынша аймақтық директоры Искандар Шодиев:.
Ынтымақтастықтың практикалық нәтижесі ретінде қаржыландыруға өтінім беруге арналған цифрлық платформа іске қосылады. Стартаптар банктер мен қаржылық серіктестерге өтінім жіберіп қана қоймай, автоматты алдын ала бағалаудан өтіп, құжаттармен алмасып, бір жүйеде кері байланыс ала алады.
Бұл меморандум финтех, инновациялық инфрақұрылым және қаржы институттары арасындағы өзара әрекеттестіктің жаңа моделін қалыптастыруға бағыт береді. Жоспарланған бастамалар стартаптардың қаржыландыруға қолжетімділігін арттырып қана қоймай, кәсіпкерлік тәуекелдерді бағалаудың ашық әрі технологиялық ортасын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл — Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту жолындағы маңызды қадам.