Кездесуге Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі Санои Бойзода, Freedom Bank Kazakhstan басқарма төрайымы Гүлфайруз Ахметова, Freedom Bank Tajikistan басқарма төрағасы Даурен Нисинбаев және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Қонақтарға IT-Hub алаңы таныстырылып, хабтың стартаптары өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды.
Бұл күні Freedom Bank Tajikistan мен IT Park Dushanbe өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Құжат жастардың интеллектуалды дамуына қолдау көрсету, оларды инновациялық жобаларға тарту және екі тараптың әлеуетін пайдалана отырып бірлескен білім беру және кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыруды көздейді.
IT-Hub цифрлық дағдыларды дамытуға, технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға және IT мамандарын даярлауға арналған тұрақты орта қалыптастыруға бағытталған. Хаб студенттерді, сарапшылар мен кәсіпкерлерді біріктіріп, оларға инфрақұрылым, білім беру бағдарламалары және кәсіби өсу мүмкіндіктерін ұсынады.
2025 жылдан бастап IT-Hub техникалық режимде жұмыс істеді, ал 2025 жылдың күзінен бастап толық көлемде іске қосылды. Осы аралықта 2000 қатысушыға арналған 80-нен астам іс-шара өткізілді, соның ішінде IT-воркшоптар, білім беру бағдарламалары және стартап-питчингтер бар. Негізгі бастамаларға алты айлық AI Bootcamp, деректерді талдау бойынша хакатон, ұлттық команданың European Girls’ Olympiad in Informatics олимпиадасына қатысуы және ICPC Tajikistan 2025 өңірлік кезеңі жатады.