Astana Hub халықаралық alem.ai жасанды интеллект орталығында Pizza Pitch іс-шарасын өткізіп, Қазақстанның технологиялық стартаптарын, инвесторларын және венчурлік экожүйе өкілдерін бір алаңға жинады.
Pizza Pitch-ке қатысу үшін 160 өтінім келіп түсті. Бірнеше іріктеу кезеңінің нәтижесінде финалға ең перспективалы 10 команда өтті. Іс-шара технологиялық стартаптарға өз шешімдерін әлеуетті инвесторларға таныстыруға, жобаларына кәсіби баға алуға және венчурлік экожүйе өкілдерімен жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін алаңға айналды. Финал барысында қатысушылар өз жобаларын үш минуттық питч форматында таныстырып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді және Қазақстанның жетекші инвесторлары мен венчурлік сарапшыларынан жан-жақты кері байланыс алды.
«Біз үшін жас технологиялық командаларға инвесторлар табуға, сарапшылардан сапалы кері байланыс алуға және мықты кәсіпкерлік қауымдастықтың бір бөлігіне айналуға көмектесетін іс-шараларды ұйымдастыру маңызды. alem.ai алаңы денсаулық сақтау мен білім беруден бастап киберқауіпсіздік пен жасанды интеллектке дейінгі түрлі салалардағы нақты мәселелерді шешуге қабілетті жобаларды біріктіргеніне қуаныштымыз. Бүгінгі питч көптеген қатысушылар үшін өсудің және ауқымын кеңейтудің жаңа кезеңіне бастау болады деп сенемін», — деді Astana Hub Ивенттер офисінің директоры Альмира Марден.
Питчинг нәтижелері мен қазылар алқасының бағалауы бойынша Pizza Pitch жеңімпаздары:
1-орын (1 500 000 ₸) — BugBase стартапы (өкілі — Лян Карина). AI негізіндегі бағдарламалық қамтамасыз етудің сапасы мен қауіпсіздігін автоматтандырылған түрде тестілеуге арналған платформа.
2-орын (1 000 000 ₸) — FoodSave стартапы (өкілі — Жүсіпова Томирис). Тамақ қалдықтарын азайтуға мүмкіндік беретін, қоғамдық тамақтану орындарының сатылмай қалған өнімдерін жеңілдікпен сатуға арналған сервис.
3-орын (500 000 ₸) — Connectus стартапы (өкілі — Манарбай Аружан). Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының тексерілген менторларын талапкерлермен байланыстыратын маркетплейс.
Жалпы Pizza Pitch-ке қатысу үшін 160 өтінім келіп түсті. Алдын ала іріктеу нәтижесінде 51 стартап онлайн-диагностика кезеңінен өтіп, олардың тек 10-ы ғана финалда өнер көрсету құқығына ие болды. Финалға HealthTech (цифрлық медицина), EdTech (білім беру технологиялары), LegalTech (заңгерлерге арналған AI), FinTech (қаржылық сервистер) және AI (жасанды интеллект) бағыттарындағы жобалар өтті.
Финалистер қатарында:
BugBase — AI негізіндегі бағдарламалық қамтамасыз етудің сапасы мен қауіпсіздігін автоматтандырылған түрде тестілеуге арналған платформа. Ол компанияларға QA мамандарының санын көбейтпей-ақ релиздерді жылдамырақ шығаруға мүмкіндік береді.
FoodSave — қоғамдық тамақтану орындарына шығындарын азайтып, сатылмай қалған өнімдерін жеңілдікпен сатуға көмектесетін экологиялық сервис.
Connectus — шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жүрген тексерілген студент-менторларды талапкерлермен байланыстыратын маркетплейс.
Диагностика на дому — RPM құрылғылары (цифрлық фонендоскоп пен отоскоп), мобильді қосымша және AI негізіндегі дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны арқылы пациенттерді қашықтан бақылауға арналған сервис.
INMII — жоспарлаудан және визуализациядан бастап материалдар мен жеткізушілерді таңдауға дейінгі интерьер дизайнын толық қамтитын AI сервисі.
Femida AI — құқықтық талдау, құжаттарды дайындау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бойынша бастапқы дереккөздерге сілтеме жасай отырып іздеу жүргізуге арналған AI негізіндегі LegalTech платформасы. Барлық деректер Қазақстан аумағында сақталады.
Eye Eye AI — шала туған нәрестелердегі ретинопатияны ерте анықтап, соқырлықтың алдын алуға арналған көздің торлы қабығының суреттерін талдау жүйесі.
JINAQ — мектеп оқушыларына арналған мансаптық бағдар беру және кадрлық жоспарлауды ерте кезеңнен жүзеге асыратын AI платформасы.
Neuralese — мектеп оқушылары практикалық әзірлеу арқылы AI технологияларын меңгеретін білім беру платформасы.
Numerus — қаржы командаларының күнделікті жұмысын автоматтандыратын AI-native workspace («қаржы саласына арналған Cursor»).
Жобаларды келесі сарапшылардан құралған қазылар алқасы бағалады:
- Болат Башеев — CEO, Axiom Capital;
- Абай Абсамет — Silkroad Angels Club бизнес-періштелер қауымдастығының тең құрылтайшысы;
- Аслан Сұлтанов — White Hill Capital компаниясының негізін қалаушы серіктесі (GP of Tumar Venture Fund) және Al-Farabi Innovation Hub;
- Нұрасыл Жарбасов — Astana Venture Club негізін қалаушы;
- Ескендір Әмірхан — BGlobal Ventures инвестициялық талдаушысы.
Іс-шараның серіктесі Astana Hub экожүйесінің қатысушысы — Exbo East технологиялық компаниясы болды.
Дәстүрге сай іс-шараның қорытындысы бейресми пицца-нетворкингпен аяқталды. Бұл формат қатысушылар мен инвесторларға таныстықтарын жалғастырып, жобаларды еркін жағдайда талқылауға мүмкіндік берді.