IT Quest білім беру мен ойын форматын біріктіреді. Қатысушыларды технологиялар, жасанды интеллект, стартаптар және Astana Hub экожүйесі бойынша сұрақтар, сондай-ақ цифрлық жұмбақтар, шифрларды шешу, бағдарламалық қателерді анықтау және зейінді талап ететін тапсырмалар күтіп тұр.
Квест екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 2–30 маусым аралығында өтеді. Мұнда қатысушылар IT, AI, стартаптар, білім беру бағдарламалары және Astana Hub экожүйесі тақырыптары бойынша викторина сұрақтарына жауап беріп, логикалық және аналитикалық ойлауға арналған тапсырмаларды орындайды. Екінші кезең 1–15 шілде аралығында өтеді. Ойыншылар бейнероликті мұқият қарап, оның мазмұны мен құрылымына қатысты сұрақтарға жауап береді.
Тапсырмаларды сәтті орындаған пайдаланушылар Social Coins және XP жинап, қатысушылардың жалпы рейтингінде жоғарылай алады. Ең көп XP жинаған қатысушылар жеңімпаз деп анықталады. Егер бірнеше қатысушының нәтижесі бірдей болса, квесті ертерек аяқтаған қатысушыға басымдық беріледі.
Бақ сынап, жарысқа түсу үшін Astana Hub мобильді қосымшасын iOS немесе Android платформаларында жүктеп алып, IT Quest-ке тіркелу қажет. Бір қатысушы тек бір аккаунтты пайдалана алады. Бірнеше аккаунт ашуға жол берілмейді. Барлық тапсырма дербес, яғни жеке-дара орындалуы тиіс. Қатысушыларға дайындалу үшін оқу материалдары ұсынылады.
IT Quest – Astana Hub жүзеге асырып келе жатқан технологиялар мен жасанды интеллектті кеңінен насихаттауға бағытталған білім беру бастамаларының бірі. Бұған дейін инновациялық кластер Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындарына арналған ауқымды тақырыптық квесттер өткізді. Оларға шамамен 6 мың адам қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды. Жаңа лек жарқын бастаманы жалғастырып, технологиялар мен жасанды интеллект туралы білімді қызықты әрі интерактивті форматта толықтыруға мүмкіндік береді.
Квесттің толық шарттары, қатысушыларға қойылатын талаптар және жеңімпаздарды анықтау тәртібімен Astana Hub мобильді қосымшасында танысуға болады.