Glovo Startup Competition қорытындысы: 35 мың еуро мен Барселонаға жолдаманы кім ұтты
70 қазақстандық стартап ІТ-жобаларға арналған байқау – Glovo Startup Competition-ге қатысуға өтінім берді. Олардың 12-сі ғана ақтық мәреге жетіп, 35 мың еуро мен Испанияда 2 апталық тағылымдамадан өту үшін бақ сынады.
Іріктеу 3 кезеңнен тұрды: скрининг, диагностика (сарапшылармен сұхбат) және комиссия. Финалға 12 команда жолдама алды: Acro, Beksar, Courstore, Kwaaka, SmartGas FuelSync, AMAN, Partners Pay, Kook, SPDex, OILA (Smart Zebra), Ozak.kz пен SpaceLab.
«Glovo Startup Competition стартаптарымызға әлемнің үздік сарапшыларынан білім алып, халықаралық тәжірибе жинау мүмкіндігін ұсынады. Бұл олардың шыңдалуы мен дамуы үшін аса қажет. Жеңіске жеткен командалар ақшалай сыйлықтан бөлек, 2 апта бойы топ-менеджерлерден жеке кеңес алып, өз стартаптарын дамыту үшін стратегиялар әзірлейді. Glovo командасының ішкі жиналыстарына қатысады. Айта кетейін, Glovo Startup Competition – әлемнің 23 елін қамтитын жаһандық Catalyst бағдарламасының бөлігі», – деді Ербол Ахметов, Astana Hub бизнес-бағдарламалар офисінің директоры.
Стартаптардың шешуші таныстырылымының қорытындысы бойынша 1-орынды веб-сайттарды жекелендіруге арналған AI-платформа әзірлеуші Acro командасы иеленді. Олар 20 мың еуро жүлде және Glovo-ның Барселонадағы бас кеңсесінде тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды. 2-орын бөлшек сауда дүкендерін автоматтандыру шешімін ұсынатын Beksar стартабына бұйырды. Команда 10 мың еуро жүлде мен Барселонаға жолдама алды. 3-орынды 5 мың еуро иеленген мессенджерде онлайн-курстар өткізуге арналған AI-платформа әзірлеуші Courstore командасы ұтты.
«Биыл Glovo-ның Қазақстандағы табысты жұмысының 5 жылдығын атап өтеміз. Біз мұндағы IT-индустрияның өркендеуіне ықпал етудегі рөлімізді мойындаймыз. Glovo Startup Competition – біз үшін аса құнды жоба. Өйткені Glovo да кезінде испандық шағын компания болды. Бүгінде ол жетіліп, 23 елде жұмыс істейтін алпауытқа айналды. Тәжірибемізді таратып, өзіміз қызмет ететін елдердегі жергілікті қауымдастықтарға қолдау көрсеткіміз келеді», – деді Саша Мишо, Glovo негізін тең қалаушы.
Glovo Startup Competition байқауын испандық технологиялық Glovo компаниясы Astana Hub халықаралық технопаркімен серіктестікте ұйымдастырды.
Еске салсақ, 2022 жылы Digital Bridge халықаралық IT-форумының алаңында Astana Hub және Glovo IT-стартаптарды дамыту және қолдау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Содан бері бірнеше бірлескен жоба іске қосылды. Атап айтқанда, компанияның Қазақстан мен Қырғыз Республикасындағы курьерлеріне қолдау көрсету үшін цифрлық курстарды тегін ұсыну, Glovo Startup Competition байқауын ұйымдастыру бастамалары бар.
Пікірлер 8
Кіру пікір қалдыру үшін
Alexandr Timofeyev · Там. 26, 2024 11:41
🔥🔥🔥
Inju Baltabekkyzy · Там. 16, 2024 12:23
Супер!
Асылбек Аленхан · Там. 8, 2024 13:04
Поздравляю, Асет Калдыбаевич!
Anel Baimaganbet · Шілде 29, 2024 13:46
👏🏻👏🏻
Laura Meir · Шілде 29, 2024 12:47
крутоо
Dinmukanbet Aizharikov · Шілде 28, 2024 20:12
Well done!
Sarvinoz Rustamova · Шілде 27, 2024 10:45
👍🏻👍🏻👍🏻
Саин Абельсеитов · Шілде 27, 2024 10:25
Круто