Silkway Accelerator 5-легінің қорытындысы: стартаптар MRR-ді $1 млн-ға дейін ұлғайтты

Astana Hub Google for Startups-пен әріптестікте ұйымдастырған Silkway Accelerator акселерациялық бағдарламасының 5-легін қорытындылады. Қатысушылар айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізіп, MRR көрсеткішін 3,5 есе арттырып, жалпы $1 млн-ға жетті. Бағдарлама аясында ірі халықаралық компаниялармен маңызды келісімдер жасалды.


Акселераторға қатысу үшін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Моңғолия, Тәжікстан, Пәкістан, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және БАӘ елдерінен 238 өтінім түсті. Оның ішінде 15 команда қатаң іріктеуден өтсе, тек 13 команда акселерация бағдарламасын сәтті аяқтады.

«Google for Startups-пен ынтымақтастық орнатқан 3 жыл ішінде Орталық Еуразия елдерінен 62 стартап акселерация бағдарламасынан сүрінбей өтті. Алдыңғы лек түлектері $26 млн-нан астам инвестиция тартты, ал бұл компаниялардың жалпы бағасы $425 млн-ды құрады. Олар БАӘ, Түркия, АҚШ және басқа елдердің нарығына шыға алды. Бұл серіктестік стартаптарымыз үшін халықаралық сарапшыларға жол ашып, жаһандық нарықты бағындыруға берік негіз болатынына сенімдіміз. Біз стартап-экожүйесін дамыту мақсатында жетекші әлемдік компаниялармен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырамыз», – деді Мағжан Мәдиев, Astana Hub бас директоры.

Бесінші лек қатысушылары өз жобалары мен жетістіктерін Demo Day іс-шарасында таныстырды. Бағдарламаның жарқын жетістігінің бірі шағын және орта бизнесті цифрландырумен айналысатын Beksar стартабы болды. Акселератор барысында компания кірісін 3 есе арттырып, MRR көрсеткішін $75,000-ға жеткізді.

«Silkway Accelerator бағдарламасына қатысу қаржылық көрсеткішімізді және операциялық үдерісімізді едәуір жақсартуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ клиенттер кетімін 70%-ға қысқарттық, бұл сапаны бақылау жүйесін енгізу арқылы мүмкін болды. Бағдарлама аясында масштабтау стратегиясын нақтылап, Өзбекстан мен Қырғызстанда өкілдіктер аштық. Бұған қоса Орталық Азия, Әзірбайжан және Грузия нарықтарын әрі қарайғы даму бағыты ретінде таңдадық», – деді Мақсат Бектібаев, Beksar компаниясының негізін тең қалаушы.  

Ал Checkdoc.kz стартабы ай сайынғы кірісін 20 есе арттырып, 46 миллион теңгеге келісімшарттар жасасты. «Біз команда құрамын қайта құрылымдап, оны негізгі мамандармен бекіте түстік. B2B нарығына шығып, медицина мен сақтандыру саласында ірі келісімдерге қол қойдық. Сондай-ақ жақын арада Checkdoc Digital Insurance атты жаңа өнімді іске қосуды жоспарлап отырмыз, бұл қызметкерлерге сақтандыру қызметтерін жедел басқаруға мүмкіндік береді», – деп бөлісті Ақтоты Сматова, Checkdoc.kz бас директоры.

Акселерацияны сәтті тәмамдағандар қатарында қазақстандық ab.ai – мектеп оқушыларына арналған бейімделген оқыту веб-платформасы; алақанның көмегімен авторизациядан өтуге, кез келген жерге кіруге және түрлі затқа төлем жасауға мүмкіндік беретін Alaqan; жүк тасымалдауды экспедиторлау бойынша ең ірі онлайн-платформа biny.co; жасанды интеллектті қолдана отырып, онлайн курстар ұсынатын Courstore SaaS-платформасы; маркетплейстерде сату процесін автоматтандыруға арналған Prometei; кәсіптік бағдар беруге және университетке түсуге арналған ЖИ негізіндегі WeGlobal.ai платформасы; мейрамханалар мен көтерме жеткізушілерге арналған тапсырыстар мен төлемдерді басқаратын kook бар.

Халықаралық қатысушылар қатарында Моңғолияның Lambda Global компаниясы бар, ол әлемнің түкпір-түкпіріндегі қашықта жұмыс істейтін мамандармен ынтымақтастық орнатуға арналған платформа құрды. Сонымен қатар өзбекстандық екі стартап: AL-Chiroq – ұялы байланыс операторларының адалдық бағдарламаларына арналған платформа және жылжымайтын мүлік индустриясына бағытталған цифрлық экожүйені ұсынатын UYSOT компаниясы; ал Қырғызстаннан бағдарламашыларға арналған ЖИ негізіндегі жұмыс симуляторы Neobis болды.

12 апта бойы қатысушылар халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасып, масштабтау стратегиялары мен табыстарын арттыру жолдарын әзірледі. Оларға тегін тұрғын үй және кеңсе бөлмелері ұсынылды. Нарықтағы беделдерін нығайту үшін воркшоптар, менторлық қолдау мен белсенді нетворкинг мүмкіндіктері басым рөл атқарып, стартаптардың инновациялық бизнес модельдерін дамытуға ықпал етті.

Еске салсақ, Қазақстан – Орталық Азиядағы Google for Startups жаһандық компаниясымен бірге акселератор жүргізетін бірінші және жалғыз мемлекет. Silkway Accelerator бірлескен бағдарламасының тиімділігі мен өнімділігін ескере отырып, Google for Startups 2024 жылы Astana Hub-пен эксклюзивті серіктестігін жалғастырады. Бағдарламаның бірінші, екінші, үшінші  және төртінші легінің қатысушылары туралы толығырақ astanahub.com платформасынан білуге болады.

Анықтама үшін: Google for Startups – 2011 жылы Google корпорациясы іске қосқан стартап бағдарламасы. Ол 125 елдегі 50-ден астам коворкинг пен акселераторларды қамтып, технологиялық кәсіпкерлерге тәжірибе сабақтарын ұсынады.

Пікірлер 13

Кіру пікір қалдыру үшін

👍👍👍

Жауап беру

👍 👍

Жауап беру

👍👍👍

Жауап беру

👍🏻👍🏻

Жауап беру

👍🏻🔥

Жауап беру

удачи

Жауап беру

Замечательная новость!

Жауап беру

Супер🔥🔥👍👏

Жауап беру

Крутые результаты 🔥

Жауап беру

Congratulations! $ 1 million MRR is impressive 👏

Жауап беру

🔥

Жауап беру