Astana Hub Job Fair 2022 қалай өтті

Astana Hub Job Fair 2022 жәрмеңкесіне қатысқандар армандаған жұмыс орнын немесе IT-саласында лайықты қызметкерді табу, мықты сарапшыларды тыңдау, жағымды атмосферамен қуаттанып, уақытты пайдамен өткізу мүмкіндігіне ие болды.


Іс-шара қалай өтті?

Екі күн ішінде ізденушілерге жетекші шетелдік және қазақстандық IT-компаниялардан 100-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды, мысалы, inDriver, Glovo, Binance, Ticketon.kz, Sergek, Naimi, Kazdream, IMAS және басқалар. Барлығы 400-ге жуық адам қатысты.

Іс-шара бағдарламасы өте мазмұнды болды: Astana Hub Beta Career/Freelance School бағдарламалары туралы айтылды, IT Recruitment Ольга Пак IT-де жас мамандарды жалдаудың ерекшеліктері туралы презентация жасады, ал жұмыспен қамту орталығының маманы Әйгерім Мерсат жастарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратпен бөлісті.

Сондай-ақ, ұсынылған подкасттардың ақпараты да қызықты және пайдалы болды: олар шетелдік компанияларда сұхбат кезінде валютадағы жалақымен қашықтан жұмыс іздеуді, шетелдік бос жұмыс орындары үшін түйіндемені дұрыс құрастыруды үйретті және сәтті мансап пен идеалды кандидат формуласы туралы айтылды.

«Бұл барлығымыз үшін ерекше мүмкіндік». IT-компаниялар мен ізденушілердің пікірлері

Мақсат Мамбеталиев, жас әзірлеуші:

«Мен Alem бағдарламалау мектебінде оқимын және коммерциялық әзірлеуде білімімді нығайтуға бел будым, тағылымдамадан өтуді немесе жұмыс табуды қалаймын. Сондықтан осында келдім. Мұнда көптеген пайдалы ақпарат алдым».

«Naimi.kz» маркетплейсі:

«Бізге middle back-end әзірлеушісі, middle android developer және қолдау менеджері қажет. Біз жас мамандарды да, тәжірибесі бар мамандарды да қарастырамыз. Іс-шарадан тамаша feedback, жаңа байланыстар, таныстар алдық».

 IT holding «Kazdream»:

«Бізбен бірге қауіпсіз және жайлы болашақ құруға дайын пікірлес адамдарды іздейміз. Бүгін біз компаниямызда тағылымдамадан өтуді немесе жұмысты бастауды қалайтын көптеген қызықты мамандармен таныстық. Сондай-ақ, біз көптеген әріптестерімізбен және Astana Hub стартаптарымен байланыстарды нығайттық».

 InDriver компаниясы:

«Бізге өнім дизайнері, Global Operations маманы, контекстік жарнама менеджері және басқа да мамандар қажет. Білікті кадрларды іздеудеміз. Осы іс-шара бірегей және біздің бос жұмыс орындарымыз туралы жариялауға көмектеседі».

«AH Job Fair бір іс-шараға мемлекеттік, квазимемлекеттік және IT саласындағы жеке компанияларды, фрилансерлерді, жоғары оқу орындары мен бағдарламалау мектептерінің студенттерін одан әрі жұмысқа орналастыру үшін біріктірді. Жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен көзбе-көз кездесіп, қызықтырған сұрақтарға жауап алып, спикерлердің кеңестерін тыңдады. Нәтижелер қуантады», - деп атап өтті Astana Hub атқарушы кеңсесінің директоры Дания Ахметова.

Айта кетейік, Astana Hub Job Fair 2022 дарынды кадрларды іздеуде қазақстандық және шетелдік IT-компанияларды қолдау үшін өткізіліп отыр. Ал өз өмірін IT саласымен байланыстырғысы келетіндер үшін бұл әлеуетті жұмыс берушілермен танысу үшін тамаша мүмкіндік. Astana Hub алдағы уақытта да IT саласындағы HR-алаңды белсенді түрде дамытатын болады. 

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін