Web Summit Qatar 2024 дүниежүзілік конференциясына сегіз қазақстандық стартап қатысты

Катардың астанасы Дохада инновациялар мен технологиялар әлеміндегі ең ауқымды іс-шаралардың бірі Web Summit өтті. Конференцияға Astana Hub халықаралық технопаркі қатысып, Web Summit Startup Program аясында сегіз қазақстандық стартапты ұсынды.


Биыл конференцияға 15 мыңнан астам бизнес өкілдері, инвесторлар мен көшбасшылар жиналды. Astana Hub көрме стендіне саммитке қатысушылар, әсіресе Орталық Азия нарығына шығуға мүдделі Еуропа мен MENA аймағындағы стартаптар үлкен қызығушылық танытты.

Web Summit Startup Program аясында стартап аллеяда ұсынылған қазақстандық стартаптар питчингтерге, менторлық сессияларына және нетворкинг іс-шараларына қатысты. Олар әлеуетті инвесторлармен танысып,  серіктестер табу мүмкіндігіне ие болды.

Отандық сегіз стартап Web Summit Startup Program-ға қатысты:

ZebraEye – сирек кездесетін көз ауруларын анықтауға арналған жасанды интеллект негізіндегі бірегей бағдарламалық құрал.

ApartX - қысқа мерзімді пәтер жалдауды автоматтандыруға, смарт құлыптарды, биометриялық сәйкестендіруді және жалға беру платформаларымен интеграцияны пайдалану үшін SaaS.

Trustme – бұл blockchain технологиясын пайдаланып, құжатқа онлайн қол қоюға, цифрлық форматта құжаттарды жасау және қол қою процесін оңтайландыруға арналған SaaS қызметі.

SmartestPrep - студенттер, мектептер және университеттер үшін тиімді шешім ұсынатын жасанды интеллект негізіндегі B2B SaaS және B2B2C.

Checkdoc.kz - үйде/кеңседе дәрігерлермен онлайн-кеңес беруді және көшпелі медициналық диагностиканы қамтамасыз ететін стартап.

Med365 – автоматтандырылған медициналық тексеру жүйесі.

Arlan Biotech - наноденелердің ретін болжау үшін AI/ML модельдерін әзірлеу.

Oraclus – криптоинвесторларға кеңейтілген криптоаналитикалық құралдарды ұсынатын блокчейндік деректерді талдау платформасы.

Еске салсақ, 26-29 ақпан аралығында Катардың астанасы Доха қаласында әлемдегі жетекші технологиялық конференциялардың бірі Web Summit Qatar 2024 өтті. Web Summit – инвестициялар мен жаңа серіктестіктерді іздеудің тиімді алаңы, мұнда стартаптар өз жетістіктерін ұсынып қана қоймай, қарқынды дамуға мүмкіндік алып, сондай-ақ технология индустриясының әлемдік көшбасшыларымен тәжірибе алмаса алады. Ең алғашқы Web Summit 2009 жылы Дублинде өткен болатын.

Пікірлер 3

Кіру пікір қалдыру үшін

Это подтверждение того, что в казахстанском стартап-экосистеме бурлит энергия креативности и предпринимательства!) Супер!

Жауап беру