Бұл күні Astana Hub халықаралық инновациялық кластерінің қатысуымен өзара ынтымақтастық туралы үш меморандум жасалды. Қазақстандық тараптың серіктестері ретінде Сербияның Цифрлық трансформация орталығы, SEE UP Accelerator жеке акселераторы және Белград ғылыми-технологиялық паркі қатысты.
Форум барысында халықаралық байланыстар және инвестициялар жөніндегі кеңсесінің директоры Данияр Жұмағұлов Astana Hub экожүйесін таныстырды. Ол IT-компанияларға көрсетілетін қолдау тетіктері, халықаралық деңгейде ауқымын кеңейту бағдарламалары және Қазақстанды Орталық Азия нарығына шығу алаңы ретінде қарастыратын шетелдік стартаптар үшін қолжетімді мүмкіндіктер туралы айтып берді.
Аталған келісімдер бірлескен IT-жобаларды жүзеге асыруға, стартаптарды қолдауға және екі елдің технологиялық ортасы арасында тәжірибе алмасуға бағытталған. Өңірлер арасындағы берік цифрлық байланыстарды қалыптастыру екі мемлекеттің де жаһандық технологиялық кеңістіктегі орнын нығайтып, ұзақ мерзімді инновациялық серіктестікке жол ашады.