«2023 жылдан бері бағдарлама шеңберінде бес лек өтті. Осы уақыт ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және Түркиядан 47 стартап қатысты. Бірақ ең маңыздысы – жобалардың даму жолы. Олар алғашқы халықаралық пилоттық жобалардан бастап, жаһандық нарықтағы нақты серіктестік пен келісімдерге дейін өсті. Мысалы, BeyimTech Draper University бағдарламасында жеңімпаз атанған алғашқы қазақстандық жоба болды. Сонымен қатар Arizona State University-пен серіктестік орнатып, GSV Cup 50 тізіміне енді. Ал pwron.ai бағдарламадан кейін АҚШ нарығына шығып, Майамиде алғашқы сатылымдарын бастады. Бұл – өңір стартаптарының жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін көрсететін нақты нәтиже. Біз осындай жетістіктерді көріп отырмыз және аймақтағы стартаптардың халықаралық нарыққа шығуына қолдау көрсетуді жалғастырамыз», – деді Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев.
61 өтінімнің ішінен өсім көрсеткіштері дәлелденген және ауқымын кеңейту әлеуеті жоғары жобалар іріктеліп алынды. Алдағы бес аптада олар Кремний алқабындағы менторлармен және инвесторлармен жұмыс істеп, өнімдерін АҚШ нарығында сынақтан өткізеді әрі B2B сегментіне арналған даму стратегияларын жетілдіреді.
Бағдарламаға қатысып жатқан стартаптардың қатарында:
- Pulsar – бірнеше секунд ішінде көлікке толық техникалық диагностика жасайтын компьютерлік көру жүйесі. Стартап Astana Motors-пен пилоттық жобаны іске асырып, 150 мыңнан астам белгіленген сурет қорын жинаған. Қазір жүйені республикалық трассаларға енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.
- ibirAi – мессенджерлер арқылы шағын сабақтар ұсынатын корпоративтік үздіксіз оқытуға арналған AI-платформа. Пайдаланушылардың белсенділігі 95,8%-ға дейін жетіп, оқу бағдарламаларын аяқтау көрсеткіші 80%-дан асады. Жоба өнеркәсіп, фармацевтика және қаржы салаларындағы компаниялармен жұмыс істейді.
- AR SANA – балалардың сөйлеу барысындағы қателерін түзетуге арналған AI-платформа. Қазірдің өзінде 5 орталықпен және 4 мектеппен әріптестік орнатқан. Қызметті күтіп отырған 430-дан астам отбасы бар. Сонымен бірге қазақ тілінде сөйлейтін балалардың 17 мың үлгісінен құралған дерекқор негізінде өз моделін әзірлеп жатыр.
- Beauty AI – деректерді талдап, бизнестің табысын арттыруға көмектесетін AI-басқарушы. Платформа 150-ден астам филиалда қолданылып, 2 мыңнан аса нысанды қамтитын инфрақұрылымға кеңейіп келеді.
- VoiceClinic – клиникаларға арналған жаңа буындағы дауыстық AI-агент. Көптілді елдердегі табиғи сөйлеу ерекшеліктеріне бейімделіп оқытылған. Пилоттық жобалар кезінде қабылданбай қалған қоңыраулар үлесін 39%-дан нөлге дейін азайтқан. Жоба алғашқы айдың өзінде 20 есеге дейін табыс қайтарымын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ол Astana Hub Ventures портфеліне кіреді.
- Barion AI – компания деректерін қызметкерлердің міндетін орындай алатын жекелендірілген AI-агенттерге айналдыратын платформа. Жүйе сату, клиенттерге қолдау көрсету, оқыту және сүйемелдеу бағыттарында жұмыс істейді. 10-нан астам тілді қолдайды және мыңнан аса белсенді қолданушысы бар.
«Бұл жай ғана акселератор емес, фаундерлердің жан-жақты шыңдалуына мүмкіндік беретін орта. Қазір біздің негізгі назарымыз – ibirAi жобасын АҚШ нарығына дайындау. Біз cold sales тәсілдерін сынап, питчингті күшейтіп, корпоративтік клиенттерге арналған өнімді бейімдеп жатырмыз. Сонымен қатар нарыққа шығу стратегиясын жетілдірудеміз. 2026 жылдың соңына дейін АҚШ-та алғашқы корпоративтік клиенттерді тартып, seed-кезеңіндегі инвестицияны жауып, кейін БАӘ мен Сауд Арабиясы нарығына шығуды мақсат етіп отырмыз. Бұл бағдарлама болмағанда, мұндай жолдан өтуге 2–3 есе көп уақыт кетер еді», – деді ibirAi компаниясының бас директоры Ғани Абадан.
Hero Training – кәсіпкерлерге арналған бес апталық қарқынды курс. Бағдарлама қатысушыларға 25–30 елдің нарығына шығу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар олар воркшоптарға, стратегиялық сессияларға, инвесторлармен AMA-кездесулерге қатысып, тәжірибелі кәсіпкерлерден тәлім алады және ауқымды нетворкинг шараларына қатысады. Бағдарламаның ерекше кезеңдерінің бірі – «теңіз мысықтарымен өмір сүру апталығы». Бұл тәжірибе қатысушылардың төзімділігін, көшбасшылық қабілетін және командамен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған.