Aman – SOS белгісін бір сәтте ресми полиция рапортына айналдыратын мобильді қосымша мен инновациялық платформа. Төтенше жағдайда қолданушыға бір ғана батырманы басу жеткілікті – жүйе сол мезетте орналасқан жердің координаттарын жіберіп, цифрлық өтінім құрастырып, оны тиісті қызметтерге жолдайды. Бұрын минуттар қажет болса, енді бірнеше секунд жеткілікті. Жоба жеке қауіпсіздік, цифрлық қорғаныс және корпоративтік клиенттерге арналған шешімдерді біріктіріп, азаматтарға, бизнес пен мемлекеттік құрылымдарға тәулік бойы (24/7) жедел көмек қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.
Hero Training бағдарламасына қатысу командаға үздік халықаралық тәжірибелерді қазақстандық контекске бейімдеп, идеяны нақты өмірде қолданылатын өнімге айналдыруға мүмкіндік берді. Бұл өнім төтенше жағдайларға әрекет ету жүйесін түбегейлі өзгертетін әлеуетке ие.
«Біздің жеңісіміз – жай ғана марапат емес, бұл технологияның адамға қызмет ете алатынының дәлелі. Біз үшін ең бастысы – AMAN елдегі қамқорлық пен сенім мәдениетінің бір бөлігіне айналып, әр азамат өз қауіпсіздігін үнемі сезіне алатын қоғам құру», – деді стартаптың негізін қалаушы Аружан Меде.